Стр. 227 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
К қосымшасы
Ауысымына қуаттылығы 2500 бас болатын цех үшін қояндарды сою
және ӛңдеудің технологиялық сызбасы.
Сойылатын ӛнімдердің санын есептеу
Жұмыс мақсаты
: тақырып бойынша теориялық материалды меңгеру;
ӛзіндік тапсырманы орындау.
1 Шикізатты сипаттау
Тапсырмаға сәйкес, цехтың шикізаты қояндар болып табылады.
Қояндарды етті бағытында масса бойынша жіктейді:
Ірісі - 4,5 кг жоғары;
-
орташа – 3 тен 4,5 кг дейін;
-
ұсақ - 3 кг одан аз.
Сойлатын қояндар дені сау, түлеуі аяқталған және жарақат орындары
болмау керек және ГОСТ 7686-88 «Сойылатын қояндар. Технникаық шарттар»
талаптарына сәйкес келуі қажет.
Қояндардың семіздігі бұлшық еттері дамуына, арқа омыртқасының үшкір
ұштарының сезілуіне және тері асты майлардың жиналуына байланысты І және
ІІ категорияларымен анықталады. Семіздіктің ІІ категориясының талаптарына
сәйкес келмеген қояндар арық болып санаады.
2 Технологиялық үрдістің сипаттамасы
Қояндардың сою және ӛңдеудің технологиялық сызбасының құрыуына
негіз болып технологиялық нұсқаулық боып табылады.
Қояндарды сою және ӛңдеу таңдалған сызбаға сәйкес жүзеге асады, ол 1
суретте кӛрсетілген.
Қояндарды соймас бұрын бір-бірлеп арнайы торшаларға орналастырып,
тасымалдау ұзақтығына байланысты 5-12 сағат бойы ұстайды. Ұстау кезінде
қояндарды азықтандырмайды, бірақ су беруді жалғастырады.
Ұстап болғаннан кейін қояндарды қолмен торшалардан шығарып (1
сурет, 1 поз.) конвейерге қимылсыздандыру және жануарда күйзелісті азайту
мақсатында ӛлтіру үшін жібереді. Таразы ауданынан қояндар ӛлтіру үшін
тасымалдау аппарат желісіне келіп түседі (1 сурет 2 поз). Аппарат кӛмегімен
қуаттылығы 36 В электр тогымен 35-40 сек ӛлтіру қамтамасыз етіледі.
Конвейерде қояндардың орын ауыстыруы арнайы жасалған ток тасымалдайтын
электродтары бар кене секілді қармаумен жүзеге асады. Тасымалдаушы
аяғында қармау әлсіреп, қояндар қабылдаушы үстелдерге құлайды (1сурет, 3
поз.), содан кейін оны сою және ӛңдеу үшін қомен конвейер асындысына іледі
(1 сурет, 4 поз.).
Қояндарды сою басын алып тастап соятын машина кӛмегімен
қадағаланады (1 сурет, 5 поз.). Мұндай әдіс қансыздану үрдісін қысқартып,
ақтау үрдісін және тушадан теріні алуды оңайлатады. Конвейерге ілінген
жануардың басы бағыттаушы сыммен ұсталынып, дискті пышақ алаңына
түседі. Кесілген бастар астаушамен металл бактарға сырғып, ол жерде
ветеринар дәрігермен қаралып, техникалық фабрикаттар цехына бағытталады.