Стр. 184 - ДЛЯ ППС

Упрощенная HTML-версия

Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
консервілеу әдісі ретінде кептіру үрдісі барысынла энергия шығындарын
азайту үшін бағытталған, себебі алынатын концентрат бастапқы плазмадағы
(іріткідегі) 7-8 % қарағанда 20-22 % (ультрафильтрация қолдану арқылы), 35-
40 % (булануды қолдану арқылы) құрғақ затқа ие болады.
Құрғақ еритін қанды алу үшін шашыратқыш түрдегі А1-ОРЧ, кептіргіш
қондырғылар А1-ФМУ, А1-ФМЯ және А1-ФМБ қолданылады. Осы кезде
пайда болатын қара альбумин антианемиялық әсері бар ӛнімдерді жасау үшін
қолданылады, мысалы балалар гематогені.
Қара және ашық альбуминді кептіру үрдісі кезінде шашыратқыш
кептіргіштерден бӛлінетін ӛңделген ауамен ӛнім жоғалады. Дайын ӛнім
жоғалуымен қатар, оны алып кету ауа бассейіне кері әсерін тигізеді, ол
қоршаған ортаға зиян болып келеді. Жоғалатын құрғақ заттар саны
шашыратқыш кептіру қондырғыларының түріне байланысты.
Тағамдық ӛнімдерді ӛндіру кезінде қанның қолдану ортасын кеңейту
мақсатында оны түссіздендірудің бірнеше әдістері бар: тотықтырғыш
заттарды қолдану, гемнің тұнбаға түсіп, глобиннің босауымен жүретін
гемоглобинді бӛлу, май-қанды эмулсияларды алу. Алайда бұл әдістер кең
тәжірибелік қолданысқа ие болмады.
Тағамдық емес қаннан ӛнімдерді ӛндіру туралы кӛбірек «Техникалық
майларды және азықтық ӛнімдерді ӛндіру» тақырыбын ӛткен кезде
таңысасыздар.
Қанның санын анықтау үшін таза массадан және сойылған ӛнімдердің
орташа жылдық шығыс мӛлшерімен (2) формула (11 бет), дайын ӛнімді
есептеу (5) формуламен (26 бет), Е қосымшасында кӛрсетілген анықтама
мәліметтерді қолдану арқылы есептелінеді.
Типтік өзіндік тапсырмалардың ұсынылатын тізімі
1. Қанды плазма алумен біріншілік қайта ӛңдеудің технологиялық
сызбасы. Қанды жабық әдіспен жинауды қадағалау. Сойылатын цехтың
ауысымына қуаттылығы 75 т, соның ішінде 50 т сиыр еті 25 т қой еті
шартымен, шикізат және дайын ӛнім санын есептеу.
2. Ауысымына қуаттылығы 10 т ет кәсіпорын үшін қанды біріншілік
ӛңдеу және жинау аймағын жасап шығару. Қан, дайын ӛнім және кӛмекші
материалдардың санын есептеу.
3.Ауысымына қуаттылығы 150 т ет соның ішінде 50 т сиыр еті және
100 т шошқа еті болатын еткомбинаты үшін тағамдық ашық альбуминді
ӛндірудің технологиялық сызбасы.
4. Ауысымына қуаттылығы 55 т сиыр еті болатын еткомбинаты үшін
тағамдық қара альбуминді ӛндірудің технологиялық сызбасы. Шикізат және
дайын ӛнім санын есептеу.
5. Шұжық ӛндірісі үшін плазма алу мақсатында қанды жинау және
біріншілік қайта ӛңдеудің технологиялық сызбасы. Плазма пакеттерге
қапталып, тоңазытылады. Сызба ауысымына қуаттылығы 45 т сиыр еті