Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
Фабрикат ішектер
– тұздалған немесе құрғақ ӛңделген ішек жинағы,
олар сапасы және диаметрі (калибрі) бойынша стандарт талаптарына сай,
ӛндірістік (шұжықтық) қолдануға әбден дайын болып келеді.
Консервіленген шикізаттан жасалған ішекті фабрикаттар сапасы шикі
жаңа ӛңдеуден алынған ішек сапасына қарағанда аз: түсі, беріктілігі,
тығыздығы және қабырға тазалығы нашарлайды.
Ӛңделген қабықшаларды консервілеу ылғал немесе құрғақ тұздалумен,
тоңазытумен және кептірумен жасалу мүмкін. Консервілеудің әрбір әдісі
қабықшалардың сипаттамаларын тӛмендетеді, дегенмен әр дәрежеде ең
таңдаулысы тұздау болып табылады.
Ӛңдеу үшін кӛп еңбекті қажет ететін, ал ӛңделген шикізаттың сапасы
тӛмен ішектің кейбір түрлері техникалық шикізат ретінде қолданылады.
Дайын ӛнім аталуы бойынша бӛлінеді, олардың ішінде калибр мен
сортты бӛліп кӛрсетеді.
Ішек-қарын цехында шикізат пен дайын ӛнім санын есептеу үшін (4)
формула (21 бет) қолданылады. Есептуге қажет анықтама мәліметтер Д
қосымшасында кӛрсетілген.
Типтік өзіндік тапсырмалардың ұсынылатын тізімі
1. Ағынды-механизмделген желіде сиырдың черевінің ӛңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы 55 т
сиыр еті шартымен, шикізат және дайын ӛнім санын есептеу.
2. Қуаттылығы 15 ІҚМ және 35 шошқа басы кіші кәсіпорындар үшін
тік ішекті ӛңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Шикізат және дайын
ӛнім санын есептеу.
3. ІҚМ тоқ ішегін ӛңдеудің технологиялық сызбасы. Сызба ауысымына
қуаттылығы 50 т сиыр еті болатын еткомбинаты қарауындағы цех үшін
жасалынады. Шикізат және дайын ӛнім санын есептеу.
4. Ағынды-механизмделген желіде шошқа черевінің ӛңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы 65 т
шошқа еті шартымен, шикізат және дайын ӛнім санын есептеу.
5. Ағынды-механизмделген желіде ІҚМ черевінің ӛңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының ауысымына қуаттылығы 50 т қой
еті шартымен, Шикізат, дайын ӛнім және ішекті консервілеу үшін кеткен тұз
санын есептеу.
6. Еткомбинаты қарауындағы ауысымына қуаттылығы 75 т ет, соның
ішінде 50 т сиыр еті және 25 т шошқа еті ішек-қарын цехы үшін қалбыршақ
ӛңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Шикізат және дайын ӛнім санын
есептеу.
7. Еткомбинаты қарауындағы ауысымына қуаттылығы 25 т сиыр еті
цехы үшін ІҚМ церевін ӛңдеудің технологиялық сызбасын жасау. Ӛңдеу
және консервілеу әдісін ӛзіндік таңдау. Шикізат және дайын ӛнім санын
есептеу.