Ет және балық ӛнімдерінің технологиясы
шығынына және шыжыққа әкеледі. Шошқа шыжығында майдың мӛлшері
ылғал әдісімен таптау кезінде 8-10 % жетеді, сиырда - 10-13 %. Осыған орай,
майдың шығыны шикізаттың бастапқы массасының 0,8-2,0 % құрайды.
Майды құрғақ әдіспен ашық қазандарда таптағанда шыжықтағы май мӛлшері
20 % құрайды.
Және де май мӛлшері сепаратордан кететін сумен бірге жоғалуы
мүмкін. РТОМ-4,6 сепараторынан кейін суда 0,1-0,3 % май болады, судың
мӛлшері тазаланатын май-сулы эмульсия массасынан 20 % болғанда, шығын
2-6 % жетеді.
Тапталуға келіп түскен шикізат санын есептеу шикі майдың шығыс
мӛлшерін және малдың семіздік категориясын ескеріп, (4) формуламен (21
бет) есептелінеді. Есептеуге арналған мәліметтер Г қосымшасында
кӛрсетілген.
Еріген май массасы мына формуламен есептелінеді:
100
НВ
В
гот
, (5)
мұнда
В
гот
– ӛңдеуден кейінгі ӛнімдер саны;
Н
– ӛнімдер шығысы, % (таңдалған жабдықтауға байланысты).
Типтік өзіндік тапсырмалардың ұсынылатын тізімі
1. Р3-ФВТ-1 желісінде жұмсақ май шикізатын қайта ӛңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының қуаттылығы 50 т сиыр еті және
20 т шошқа еті шартымен, шикізат және дайын ӛнім санын есептеу. Шошқа
еті терісіз әдісімен ӛңделеді. Шел майы желіде ӛңделмейді.
2. Р3-ФВТ-1 желісінде жұмсақ май шикізатын қайта ӛңдеудің
технологиялық сызбасы. Еткомбинатының қуаттылығы 30 т сиыр еті және
15 т шошқа еті шартымен, шикізат және дайын ӛнім санын есептеу. Шошқа
еті терісіз әдісімен ӛңделеді. Шел майы желіде ӛңделеді.
3. Ауысымына қуаттылығы 15 т сиыр еті еткомбинатының жұмсақ май
шикізатын қайта ӛңдеудің технологиялық желісін жасау. Шикізат және
дайын ӛнім санын есептеу.
4. Жоғарғы сорт майын бумаға қапталған шошқа май шикізатын қайта
ӛңдеудің технологиялық сызбасы. Сызба ауысымына қуаттылығы 50 т
шошқа еті болатын еткомбинаты қарауындағы цех үшін жасалынады. Дайын
ӛнім санын, сонын ішінде бума санын есептеу.
5. Шел майын гидролиз әдісімен қайта ӛңдеудің технологиялық
сызбасы. Желі ауысымына қуаттылығы 85 т шошқа еті болатын еткомбинаты
қарауындағы цех үшін жасалынады. Шикізат, дайын ӛнім және қосымша
материалдардың санын есептеу.
6. Периодты жұмыс істейтін жабдықты қолданумен ылғал әдісімен май
шикізатын қайта ӛңдеудің технологиялық сызбасы. Желі ауысымына
қуаттылығы 45 т шошқа еті болатын еткомбинаты қарауындағы цех үшін