Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
277 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Экстерьер. Вэй- Цзиннің мектебі. МУЗЫКА: Рэп музыка ойнайды, үдейді. Интерьер: дәліз. АРНАЙЫ ЭФФЕКТІ: Табиғи дыбыстар. Музыканы үдету. БАЯНДАУШЫ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Жыл сайын Westinghouse Science Talent search оқуда оқ бойы озып жүрген, орта мектептің бірнеше оқушыларына қатып қалған ешбір ережесі жоқ, ел ішіндегі ең ауқымды саналатын шәкіртақыны тағайындайды. Шәкіртақы мөлшері – 20 000 АҚШ долларына дейін! Жуырда бес үздік жүлде бір этникалық топ өкілдеріне бұйырды. Математика клубы. АРНАЙЫ ЭФФЕКТІ: Табиғи дыбыстар, ізінше кадрдан тыс мәтін. Вэй-Цзин компьютер алдында отыр. ВЭЙ-ЦЗИН: Әдетте сынып ішінде не болып жатқандығын түсініп алуға тырысамын. Көбінесе барлығын жадымда жаттап аламын. Тест тапсыратын сынақ күнін әдеттегі күнге балаймын. Шын мәнінде,тестіні асыға күтемін, себебі бұл уақытта үй жұмысы аз беріледі. Ұшатын диск. БАЯНДАУШЫ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Мин династиясы бірінші императорының ұрпағы Вэй- Цзин бүгінде Гарвард университетінде білім алуға бекінген. Вэй-Цзин. ВЭЙ-ЦЗИН: Барлығына өте-өте қызыққұмар әрі білімқұмар адаммын, сонымен бірге табиғаттың неге бұлай, неге олай жаратылғанын анықтағанды жаным сүйеді... осы тұрғыдан еңбексүйгішпін... Көп дүниеге өте қатты қызығамын. Сонымен қатар бағымды сынататын сайыстарды тауып алғанды жақсы көремін. Мысалы, математика пәні бойынша ұйымдастырылған сайыстардың бәріне қатыстым. Бенджамин Блум/ Жапон мұрағат кадрлары/ Америка мектебі. БЛУМ: Жапония, Гонконг және өзге мемлекеттерде тұрып жатқан ата-аналар арасында зерттеу жүргізіп, олардан: «Балаңыздың мектептегі оқу үлгерімінің төмендеп кетуін қалайша түсіндірер едіңіз?» – деп сұрадық. Азиялық ата-аналар: «Бұған баланың оқу- ға ден қоюдағы қаншалықты күш-жігер жұмсауына байланысты», – деп жауап қатады. Ал Америка Құ- рама Штаттарындағы ата-аналардан: «Балаңыз не- ліктен арифметикадан осал?» – деп сұрағанымызда, бір ана: «Былай ғой, балам былай тұрсын, өзім де арифметиканы ешқашан қатырған емеспін», – деп жауап берді. Олар мұны ата-анадан балаға мирас ретінде берілетін кемшілік деп түсінеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==