Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 278 Жапон мұрағат кадрлары. БАЯНДАУШЫ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Әрине, Азия, халқы тығыз орналасқан, тұтасып жатқан бір құрлық. Бұл балалар Токио қаласының тумалары,.. алайда олар Бейжің және Пномпеньнен келген балалармен бірге тәртіптің ежелгі дәстүрін, оқуға деген құрмет және білім жетістіктеріне негізделген мәртебені үйренуде. Вэй-Цзин. ВЭЙ-ЦЗИН: Мұндағы негізгі фактор ретінде Азия елдерінің халқы... соның ішінде ата-аналар ұл- қыздарының жетістікке жетуіне келгенде өте қатал және талапшыл келеді. Олар балаларынан айды аспанға шығаратындай үлкен жетістік күтеді. Меніңше, басты фактор – осы. Ұшатын диск кадрымен аяқтау. Вэй-Цзин сегментімен аяқтау. Эдит тақтада өзінің досы Карлоспен есеп шығару үстінде. АРНАЙЫ ЭФФЕКТІ: Табиғи дыбыс – әңгімелесу – 5 секунд. Эдит. ЭДИТ: Қателеспесем, орта мектепке бара бастаған уақыттан басталды-ау деймін. Мектеп жанында математика тобы болатын және бұрын- соңды естімеген едім. Бір жерге бара салып, математикалық есептерді жай қызық не сайыс үшін шеше салу таптырмас идея болды. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: «Математикалық олимпиада» – Америка бойынша ең үздік орта мектептің математиканы жаңғақша шағатын сегіз оқушысын табуға арналған сайыс. Гарвард студенті Эдит Старр осы олимпиаданың тарихында жеңіске жеткен жалғыз қыз. Жалпы, математикамен әйелдердің/ қыздардың шағын бөлігі ғана әуестенеді. Кейбір салада еңбек ететін қыз-келіншектің саны неліктен аз? Илья Гуревич екеуміз хабар таратқан шахмат сайысында 142 ойыншының ішінен тек үш қызды ғана байқадық. Бізге мұны қалыпты жайт деп түсіндірді. Теңсіздікке келгенде гендердің/тұқымдардың белгілі бір рөл атқаруы әбден мүмкін, мұны жоққа шығаруды әлі ешкім қолға алған емес. Дей тұрғанмен, сарапшылардың көбісі мұны мәдени күштердің әсері дегенді алға тартады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==