Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 276 руші» кадрлармен толтырады. Рон Блау тәсілінің мәні – аудиторияның көңілін аулап, жүрегін жаулауға жағдай жасайтын назар аударарлық дүниеден бастау, кейін мұны сырттан алынған материалдармен толықтырып, ең соңында, кадрдан тыс мәтіндерді қосу. Белгілі бір бағдарлама топтамасына қажетті көптеген фрагменттерді (кейде жарты сағаттық шоуға кемі үштен) және оларды жасап шығаруға берілетін шек- теулі уақытты ескерсек (кей кездері бір сегментке бір аптадан да аз уақыт), сіздің құзырыңызда не үлкен қызметкер болуы, не барлық ақпараттың нақты екенді- гіне көз жеткізу үшін қосымша мұқият тексеріп шығуыңыз қажет. Егер уақыт пен қызметкерге бола тиісті ақпаратты алуға қолыңыз жетіңкіремей қалса, фак- тілерді сипаттаймын деп еркіндікке салынып кетуден абай болыңыз. Қолыңызда бар ақпаратқа сүйеніп жазыңыз. Бос орындарды толтыру үшін фактілерді ойдан құрастырудан қашық болыңыз. Көптеген шағын деректі фильмдер, негізінен, баспасөз беттерінде жарияланған дүниелерді қайта ұсынады. Мұндай кезде өз жұмысыңызды жаңа бояумен әрлеуге елігіп кетуіңіз әбден мүмкін. Фактіге не- гізделген деректі фильм мен ойдан құрастырылған деректі фильм арасының қай тұсын шекарамен бөлер едіңіз? New York Times сыншысыЖон O’Коннор сәтсіздік- ке ұрындыратын «деректі драманың дүдәмал икемділігін» анықтап алу керекті- гін алға тартады. Ойдан құрастырғаныңызды факт деп ұсынушы болмаңыз. Төменде Рон Блаудың «Вундеркиндтер» (Prodigies) атты шағын деректі фильміне жазған сценарийлерінің бірінен екі қысқа эпизодтың үзінділері келті- рілген. Бұл үзінділерде Блаудың жазу тәсілі қандай деңгейде және қалай қолда- нылғанын анықтаңыз. ВУНДЕРКИНДТЕР Кіріспе ВИДЕО АУДИО БАЛАЛАР МУЗЫКА: Ойнайды, баппен жалғасады. Жоштың балабақшасынан суреттер көрсету. Жош кадрда жоқ. БАЯНДАУШЫ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Қазіргі күнге дейін баланың ақыл-ойын жақыннан дамытар қуатты: балаға туабітті берілетін құдіретті... және отбасының ықпалын қарастырып келдік. Сыртқы көрініс, балалар кадрда. Дегенмен кейбір күштер Американың өзі секілді толағай. Мұндағы күштер дегеніңіз – кейбір этникалық топтарға серпін беретін мәдениеттің ықпалы, қыздар ұлдардан қалыспай топ жарса, сонымен қатар бірқатар салада бір топтың басқа топтың алдын орауын білдіретін ықпал. Америка бейне бір зор балқытпа қазандық секілді, дегенмен дарын жайына қалып, шекара сыртындағы мәдени қысым халыққа мейлінше әсер еткен. Кіріспенің соңы.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==