Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

275 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ШАҒЫН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ 60 Minutes бағдарламасының жетістігі шағын деректі фильм мен журнал фор- матындағы шағын очерктің өсуіне себепші болды. Бір сағаттық 60 Minutes бағ- дарламасы әр сегментке 15–20 минут уақыт береді, алайда Chronicle секілді, бір- лестірілген жарты сағаттық тележурнал сегменттегі әр сюжетті шамамен 7 ми- нуттан асырмайды. Автор сценарийді қысқа да нұсқа етіп әзірлеуі қажет, себебі көптеген шағын деректі фильмдер кешкі уақытта таратылатын жаңалықтар мен ойын-сауық бағдарламалардың арасында эфирге шығады, сол себепті мұнда жа- ңалықтар мен ойын-сауық материалдарды үйлестіре білген абзал. Рон Блау – киногер, телевизия жазушысы әрі продюсер. Толықметражды те- левизиялық деректі фильмдерге, 4–10 минут арасындағы ондаған шағын деректі фильмге сценарий жазған. Оның айтуынша, қалыпты деректі фильм мен шағын деректі фильм, шын мәнінде, бірдей, тек мұнда айдан анық бір айырмашылық бар: ұзаққа жалғасатын бағдарламада ақпаратты ұсыну және идеяны кеңінен өр- бітуге мол уақыт бар. Шағын деректі фильм авторларының көпшілігі бірдей хронологиялық про- цесс бойынша жұмыс істейді. Ең әуелі, кез келген дереккөзден алуға болатын та- қырыпты не сюжетті таңдау керек, мұндағы дереккөз деп: атқарушы продюсер, өрістік продюсер, газет мақалалары, тіпті болмаса фрилансер сценарист-продю- серді айтуға болады. Тақырып анықталған соң, автор тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл зерттеулердің кейбірін кітапханаларда және онлайн түрде жасап, ал енді бірін оқиға орындары мен сұхбаттардың көмегімен іздеуге болады. Бастапқы зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қысқаша баяндау пара- ғына ұқсас нобай әзірленеді. Бұл нобай икемді қалыпта болуға тиіс, себебі автор сюжетте кімнің не айтатындығын, қандай визуал және аурал материалдардың бо- латындығын әлі білмейді. Блау нобайдың өте қарапайым құрылым бойынша жа- сақталуын қолдайды, себебі шағын деректі фильмде күрмеуі қиын дүниені ұсы- нуға уақыт әрдайым жеткілікті бола бермейді. Ол іздеуге қажетті материалдың үш негізгі түрі бар екендігін түсіндірді, олар: кадрдан тыс мәтін, түрткі немесе дәйексөздер, сонымен қатар өзі «дем беруші» деп атайтын визуалды материал- дар, яғни видео, фильм, артқы фонға кадрлар, түсірілім немесе негізгі сөйлеуші қатарына жатпайтын адамдар. Сондай-ақ мұнда музыкаға да орын қалдырған жөн. Соңғы нобай – түсірілімді бастаудың негізі. Түсірілім жұмыстары аяқталған соң, автор барлық материалға скрининг жа- сау арқылы ақырғы сценарийді әзірлеу ісіне көше алады. Блаудың айтуынша, авторлардың көбісі түрткімен және кадрдан тыс мәтінмен құрастырып шыға- рады. Ол фрагментке дем беруге жол ашу туралы кеңес береді: биді қамтитын фрагментте ешқандай кадрдан тыс мәтінсіз әлдебіреудің билеп жатқандығын, сонымен қатар тұрғын үйге қатысты фрагментте айнала мен интерьердің видео- сын дыбыссыз көрсетуге болады. Соңғы баяндалған тәсіл кей кездері B roll таспа қорын пайдалану ретінде айтылып жүр. Бұл таспа қоры сұхбат материалын бір прожекторға орналастыру және сұхбатқа қатысы жоқ визуалды материалдарды екіншіге немесе B прожекторына орналастыруды қамтитын ескі әдістен пайда болады. Деректі фильм авторлары журналистиканың негізгі қағидаларын ұстанады, атап айтсақ: тақырыпты қатаң сипатта ашудан бастау (бұл туындының мән-ма- ғынасын аша түседі), бес дәстүрлі сұрақтың жауаптарын бірінің артынан бірін тездетіп ұсыну, кейін қалған уақытта ұсақ-түйектерін түгендеу. Кейбір авторлар туындыны кадрдан тыс мәтіндермен құрап, оларды түрткімен және «дем бе-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==