Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 274 СТЮАРТ (06:14:42) Тың дүниені, әрі-беріден соң өнердің һәм ойын-сауықтың бір түрін кемеліне келтірген Стэннің күш-жігері құрметке әбден лайық. Бұл ко- миксті жаратпайтын көптеген адамды райынан қайтарды, комикстің сапасын бүгінгі деңгейге көтерді. ЛИБЕР (07:29:50) ***ЖАҢА ТҮРТКІ*** Комикстерді түрлендіру арқылы бұл өнерге жан бітірді. Арасына юмор қосып, кейіпкерлерді өрбітіп отырды. Айтпақшы, мөлдіретіп жазуын жазды, өз қолтаңбасын қалдырды, ақыр аяғында, туындыларының тасы өрге домалады, сол шығармалардан түрлі кейіпкерлер шыға бастады. ЭЛИССОН (05:29:12) ***ЖАҢА ТҮРТКІ*** Бірге қызмет еткен уақытта (мен де тегін адам еспін) Стэн Ли адал ние- тінен айныған емес. Мінезі тік. Өтірік айтуды білмейді. Уәдесіне берік болатын. АСНЕР (20:17:26) Қазір ол комикстермен айналыса бастаған кезден, әлдеқайда жас көрі- неді. Оған сүйсіне қарауға болады. Бір сөзбен айтқанда, сондай сыпайы адам. ЖОАН (05:56:17) Өзі шымыр, жігерлі және дарынды тұлға, әрі Стэн Ли болғаны үшін өзін бақытты санайды. СТЭН (21:03:33) Бала күнімде суретті көп салатынмын, сөйтіп, мұны біраз уақыт бойы ер- мек қыламын деп шештім. Сурет салудан біршама ысылып, сосын шына- йы өмірге араласып, қолайыма жағатын жұмыс табамын деген ой бол- ды. Өмірлік ісіме айналар деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Стэн Ли күліп тұрған кадрге микс жасау. ТҮЙІН СӨЗ: Студияда жүргізуші. ЖҮРГІЗУШІ ҚАРАУЫТУДАН ШЫҒУ Өзінің суперқаһармандары секілді Стэн Ли де жер басып жүрген сүйкім- ді жан. Холиуд киногерлері тың идеялар іздеу мақсатында оған ерекше қамқорлық танытады, бұған қоса Marvel -дің еркін ерікті елшісі ретінде ел ішін аралайды. Табысқа молынан кенелсе де, оның бойында осыдан отыз жыл бұрын бұл істі қолға алуға итермелеткен оптимизм әлі де бар. Сонымен қатар ол мұны барлық жастағы өз оқырманына үлестіреді. Қа- зір «Биография» бағдарламасының келесі кейіпкеріне зер салайық # «Стэн Ли: The ComiX-MAN», продюсері – Нат Сегалофф © A&E телевизия арнасы. Барлық құқықтары қорғалған. Сегалофф мырзаның келісімі бойынша пайдаланылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==