Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
273 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Сондай сауықкештерде Стэнмен кездескен бір адам ғана теріс айналған емес. Ол – актриса-жазушыЖоан Клейтон Букок. Оларды бір сауықкеші кездейсоқ тоғыстырды, тағдыр қосты. СТЭН (04:49:41) Былай ғой, жан жарыммен қалай жолыққанымның өзі бір жыр. Бала кү- німнен карикатура салумен айналыстым, азын-аулақ сурет те салдым. Сурет салуға икемі бар жан, бәлкім, сіз де қыздардың суретін салған- ды ұнатарсыз, өзіңіз идеал тұтқан арудың бет әлпетін салған шығарсыз. Мен де бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай, бірдей қыздың келбетін са- лушы едім... ЖОАН (05:44:35) Осы сәт есімнен кетпейді, ол есікке жақындады және иығына плащын жамылып алған. СТЭН (04:50:35) Есікті Жоан ашты. Менімен кездесуге тиіс басқа қыз болатын. Жоан бас модель болатын, мен барғанда жалғыз екен. Өмір бойы суреттеп жүрге- нім Жоанның келбеті екендігін түсіндім. Сосын мен... ЖОАН (05:44:58) Амандастым. Ол да маған амандасты да: «Мен саған құлай ғашық болу- дың сәл-ақ алдында тұрмын», – деді. СТЭН (04:50:48) Мен оған бір қарағаннан-ақ ғұмыр бойы суреттеп жүргенім соның кескін-келбеті екенін түсіндім. Сосын «мен сені жақсы көремін» де- гендей, әлдебір ақымақтың сөзін айттым-ау деймін ЖОАН (05:45:10) «Уысымнан шығарып алмауым керек адамның дәл өзі» деп ойладым. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Жоан мен Стэн Рождество қарсаңында үйленді. Музыкалық өткел: Стэн ComiCon-да автограф беруде. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Бүгіндері күш-қауқары сарқыла қоймаған Стэн Marvel Universe -ті, соның ішінде өзінің Excelsior деп аталатын жеке лейблін кеңейтуге баса назар аударуда. Фантазияның беймәлім патшалығы саналатын оның болаша- ғын кез келген жастағы бала әркез зерттей түседі, комикстердің бетте- рінен шытырманға толы хикаяларды тауып алады. Иә, ақыр соңында, ол құрметке бөленді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==