Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 272 мәтін комикстерде аты-жөні көрсетілген алғашқылардың бірі болды. СОҒЫС КАДРЛАРЫ – алғашқы әскери дайындыққа жаңадан шақырылғандар. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Екінші дүниежүзілік соғыс комикстердің Алтын ғасырына тоқтам салды және әскер қатарына шақыртылған Стэн Лидің мансабын жалғастыруы- на күмән туғызды. Оған «драматург» деген ерекше сипаттама жазып, Штаттар ішіндегі бір әскери бөлімге жөнелтті. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Соғыс аяқталған соң, Стэн комикстерді жазу-өңдеу ісіне қайта оралды, осылайша ол тұтастай индустрияны қайта түлетті. ЭВАНЬЕ (08:03:04) Marvel Comics, Timely Comics не болмаса Atlas Comics -тердің жұмыс істеу тәсілі: басқа адамдардың сатылымға қойған немесе нарықты ойран қыл- ған нендей нәрсесі бар екендігін анықтау. Ұқсатып жасалған комикстің жасанды нұсқаларын жоюға тырысыңыз. СТЭН (04:49:10) Біз соғыс, романтика, юмор, қорқыныш, құбыжыққа қатысты хикаялар, жануарлар туралы сәл көңілді және анимациялық комикстер жасап шы- ғардық. Қазіргі таңда қандай үрдіс басым болғанымен, қолымыздан келгені сол болды. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Онымен қоса, бұл ешбір мәртебе-мерейді қажет етпейтін индустрия еді. ЭЛИССОН (05:08:30) Комикстер шыға бастағанда, ол балалардың ермегі деп есептелді. Халық өнеріне қалай қараса, комикстерге де теріс көзқарас танытты. Мейлі, ол Кейуана Мозестің картинасы болсын, болмаса құпияға толы хикаялар болсын, бұлардың барлығы бірыңғай Американың конструкциясы. Мұн- да тек беске жуық Америка халқына тән шынайы ұлттық өнер бар және комикс солардың бірі. СТЭН (04:55:15) Сол күндері комикстің бағасына ешкім жете алмады. Есімде, сауық кеш- теріне барған кезімізде, адамдар менің қасыма жақындап: «Немен ай- налысасыз?» –деп сұрайтын. «О, мен – жазушымын»,– деп айтып алып, жалт бұрылып кете беруді жаратпаймын. Әйтсе де әлдекім қыр соңым- нан қалмай: «Қандай дүние жазасыз?» – деп сұрайтын еді. Жастардың жанына жақын хикая. Әрірек саяқ кетейін десем де ілесіп жүретін еді. «Хикаяның қандай түрін жазасыз? Журналдағы хикаялар. Солай ма, қай журнал?» Ақыр аяғында, комикстер әзірлеумен шұғылданатынымды ай- туға мәжбүрмін, сосын мені түрлі сауалдармен төмпештеген әлгі кісі: «Е- е, түсінікті», – деп теріс бұрылып, әңгімемді аяқсыз қалдырып кетуші еді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==