Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

271 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Стэн Лидің өмірі, расымен де, екі хикаядан құралған және бұл хикаяның басы Стэн Лиден емес, комикстерден басталады. * * * БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Стэн Ли. Ол Манхэттеннің жоғарғы ауданында дүниеге келген – Стэнли Мартин Либер. Ата-анасы – Жек пен Силия Либер. Өз қатарынан артық туған ол сабақтан жиі қалатын. Сөйтсе де, ол Нью-Йорк Геральд Трибь- юн басылымы ұйымдастырған эссе жазу сайысында үш апта қатарынан ешкімге дес бермей, жеңімпаз атанды. Комикстерді жастанып тұрып оқитын өзінің құрдастарына қарағанда, жас Стэн Эдгар Райс Берроуз, Марк Твен, Артур Конан Дойл және тағы басқа көптеген жазушылардың кітаптарын оқығанды құп санады. Сондай-ақ кино көргенді жаны сүйе- тін және өзінің бос уақытында жергілікті театрға барып, ол жердегі қо- йылымдар мен шытырман оқиғаларды бойына сіңіріп өсті. Кинодағы баскесерлер, соңына түсу және тағы басқаны қамтыған ЭПИЗОД- ТАР. * * * БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): орта мектепті тамамдаған соң, Стэн басыбайлы жұмыс іздейді. Сол уақытта оның алыс туысқаны, жур- нал баспагері Мартин Гудманға өз иелігіндегі компаниялардың бірі Timely Comics -ке көмекші керек етеді. Стэн Манхэттендегі Timely Comics- тің аядай кеңсесіне жұмысқа келгенде редактор Жо Саймон мен арт- директор Жек Кирби «Капитан Американы» ( Captain America) жарыққа шығарып, ізінше қызметтерінен кеткелі жатқан болатын. Стэннің суреті, NYC кинотаспасы және суреттер ЭВАНЬЕ (02:09:00) [Ах] жұмыста туындаған он шақты мәселені талқылаған соң, екеуі қар- жылық дауға бола жұмыстан шығып кетті, осы индустрияда басқа бұлақ- тың көзі ашылды. Аяқсыз қалған істі жалғауға Стэн Ли жұмылдырылды [өңдеу]. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Стэннің шимай-шатпақ комикстерін назарына да ілмеген Гудман 18 жастағы бозбалаға еркіндік береді. Бұл ықтиярлы шешім көп ұзамай тұтастай индустрияны түбегейлі өзгертеді: Стэн Ли және комикстер та- рихы – екеуі егіз ұғым. ЭВАНЬЕ (02:09:15) Меніңше, Стэннің туындысы алғаш рет «Капитан Американың» үшінші шығарылымында жарияланды. Бұл оның «Капитан Америка» туралы жа- зылған шағын мәтіні болды. Мұнда автордың аты-жөні көрсетілді, бұл

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==