Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 270 КЕСУ: МИКС: ЖОН СЕМПЕР Ойлап көріңіз, бұл адам кейіпкерлер мен атақты аңыздың негізін қалауға бірнеше ғана жыл жұмсады, нәтижесінде мұның бұл ісі соңғы отыз жыл бойы жалғасып келеді. КЕСУ: Тіпті таңғаларлық жайт Клип: «Икс адамдар» ( X-Men ) Риттер (2) 02:26:14 ЖОН РИТТЕР КЕСУ: МИКС: Стэн Ли туралы бірер ақпарат: туындыларын тамаша- лап отырғаныңызда оның жалықтырып жіберетін си- патта көрінгісі келмейтінін әрі сіздің де ішіңізді пыстыр- ғысы келмейтінін және, сәйкесінше, барлығын тыңнан тартып, әрі еліктіріп әкететіндей құрастыратынын сез- діңіз. Музыка геральдикалық Вагнерлік күйлерге ауы- сады. Стэннің хикаясы төмендегі баяндау тәсілін сипатталған комикстер панелінде жалғасын табады. БАЯНДАУШЫ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): ИРИСТІК ДИАФРАГМА ҚОЛДАНУ: Стэнли Мартин Либер – жазушы-редактор. Көзі көруден қалған бастығы оның арманын тұсаулайды. Соңыра таман, ойына бір түнде бәрінің алды-артын орайтын бір қызық идея келеді. Тұрақты жұмысын тастап, өзінің шығармашы- лық қуатын ортаға салды. Киноиндустрияда төңкеріс жасап, нәтижесінде – Стэн Ли: The ComiX-MAN шықты. ТҮЙІНДЕУ: Комикс мұқабасын көрсету үшін жабылады: Жон Роми- таның Өрмекші адам кейіпіндегі Стэн Лиді суреттеген карикатурасы. Негізгі титрді кадрға МАТАСТЫРАМЫЗ: Стэн Ли: The ComiX-MAN ! Музыка джаз бағытындағы мақамға ауысады. ИРИСТІК ДИАФРАГМА ҚОЛДАНУ: Комикс мұқабаларынан құралған үлкен коллажды вертикалды панорамада көрсету.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==