Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
267 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Тележурналдар әдетте продюсерге сыртта түсірілім жасатып, кейін ол түсірілімдерді редакторға аяқтауға итермелейді. Ал Биография сипатталатын шоуларда продюсерді басынан бастап микстеуге дейін бір оқиғаның «етегінен» ұстауға мәжбүр қылады. Бұл қаржы жағынан тиімді емес (жылына төрт реттен көп жасай алатын ешбір адамды білмеймін), дегенмен мұның өте қанағаттанарлық туынды болуы бек мүмкін. Мұндағы айырмашылық – түсірілім орнында ғана. A&E көзі ашық, көкірегі ояу арна мен мұндағылар көрерменнің кеңкелес емес екендігін мойындайды. Бәрінен бұрын, егер шоу, расымен де, қиын жағдайда тап болған шынайы адамдар туралы болса, күрмеуі қиын әлеуметтік және саяси мәселелерді жеке адам оқиғасының шеңберінде көпшілікке бағыттауы мүмкін-ақ. Деректі фильм жалықтырғыш деп есептелінетін қазіргідей кезеңде A&E желісінің қолында, расымен де, «қопармалы» телевизия өнімін жасау және көрсетудің кілті бар. Мұның таралып кетуіне жол бермеңіз. Жан-жақтан барлық пікірді жинап және оларды тұтас бір дүние етіп бірікті- ру зерттелгелі тұрған тұлғаның толық бейнесін жасақтайды. Сегалофф Стэн Ли - дің өмірбаяны туралы жасаған өзінің бағдарламасында бір үлгі көрсетті. The ComiX- MAN: Стэн Ли мен оның әйелі Жоан Лидің қалай кездескендері туралы баян- дауды қамтитын бағдарлама. Сегалоффтың айтуынша, өңделмеген сценарийден алынған төмендегі үзінділер «өңдеу жұмысының көмегімен бірдей оқиғаның екі бөлек естеліктері тұтастай бір оқиғаның пайда болуына қалай алып келгендігін көрсетеді... әрине, біз сұхбат жасау кезінде мұны жоспарлап аламыз, дегенмен жоспарсыз-ақ, бұл үнемі өз жемісін береді (егер әңгімелеушілер бірдей оқиға туралы алуан түрлі естеліктер айтпаса)». [Стэн Ли өзінің комикстеріндегі кейіп- керлердің бірі – «Өрмекші адам» ( Spider-Man ) блокбастер фильміне продюсерлік етті]. Стэн Лидің өңделмеген транскрипт/стенограммасы. НС [СҰХБАТ АЛУШЫ Нат Сегалофф]: Өміріңізде сізге рух берген адам жайында сұрағым келіп отыр, әрине, әңгіме Жоан жөнінде. Білуімше, сіздердің бас құрауларыңыз аңызға бергісіз. Жоанды кездестіргенге дейінгі қиялыңыздағы адам, дәл соның өзі ме еді? СЛ [Стэн Ли]: «Былай ғой, әйеліммен қалай жолыққанымның өзі бір қызық. Білесіз бе, мен кішкене кезімнен карикатура салумен айналыстым, шағын суреттер де салдым. Сурет салуға икемі бар жан, бәлкім, сіз де қыздардың суретін салғанды ұнатарсыз, өзіңіз идеал тұтқан арудың бет әлпетін салған шығарсыз. Мен де үнемі бірдей қыздың бет әлпетін салып жүрдім, үлкен мөлдір көз және қыр мұрын, әдеміше келген ерін. Бұл бет әлпетті барымды салып, бақанымды таянып әбден жақсы етіп салуға тырысып-бақтым. Күндердің бір күнінде досым маған бейтаныс қызбен кездесу әзірлеп қойғанын айтты, ол қалпақ сататын шоу-румда модель боп қызмет етеді екен. Сол уақытта ең әдемі қыздар қалпақты көпшілікке таныстыратын модельдер еді, себебі жарнама суретіне қалпақты арулардың тек бет әлпеті түсетін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==