Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 266 Роберт Флаэрти мен Жон Гриерсонның қаз-қалпындағы деректі фильмдеріне қарағанда, құрама деректі фильм шынайылыққа құрылмайды, ойын-сауық сипатта шығады, тіпті өңделеді. Мұндағы тәртіп – резонанс тудыратын баяндаудан һәм сұхбаттан тұратын, қолда бар материалмен фильмді түгелдей құрастырып шығу шарт. Құрама деректі фильм құрғақ, қызба немесе ойын-сауық сипатта болуы мүмкін, дегенмен бәріне ортақ бір нәрсе бар: егер әлдебіреу киноны бірінші бастап түсірмесе, басқалары жарыққа шықпас та еді. Шын мәнінде, құрама деректі фильмнің продюсері басқа біреулердің кадрларына қарық болады, бірақмұндажаңа сүрлеу табумаңызды.Шектеулі форматты ұстанатын Биографияда креативке кеңістік молынан беріледі: 1) репортажды қатаң сипаттағы хронология бойынша сипаттаңыз; 2) сондай-ақ мұны өткен шақта баяндағаныңыз жөн (тіпті субъект тірі болса да, бірақ орашолақтау әрі ыңғайсыз көрінуі мүмкін); 3) субъект әлі тірі болса да, оған қатысты репортажды, негізінен, өзге адамдар баяндасын («Мұның жеке «Автобиография» емес, «Биография» екенін ұмытпаған абзал»). Стэн Лидің бақытына қарай: ComiX-MAN ( X-Men телевизиялық шоуының танымалдығынан пайда көруге бағытталған желі атауы), Стэн өмір сүруге сондай құштар болды және біз Marvel Comics -тің барынша қолдауына ие болдық, нәтижесінде туындылар, кейіпкерлер, фильмдер және персоналды көруге сирек ұсынылатын қолжетімділік бізге бұйырды. Дегенмен мұның барлығы кабельдік телевизия бюджетініңшектеуіне тәуелді (шамамен бюджеттің төрттен бір бөлігі). Зерттеу жүргізу, брондау, түсірілім жасау және бір сағаттық шоуды өңдеу күрделілігі (жарнаманы қоспағандағы негізгі уақыты – 43:30) бюджетке кәдімгідей салмақ салады. Бұл жаттығуды «16 аптаны алатын сегіз апталық шоу» деп сипаттағанды жөн көремін. Әр профильде 8–12 сұхбат, 5 минуттан 7 минутқа дейін жалғасатын лицензияланған материалдар (фильмдердің клиптері, музыкалық видеолар және тағы басқа материалдар) және 100 бен 200-дің арасындағы суреттер немесе көмекші таспа қорын (« B-Roll » деп аталады) қамтиды. Әдетте сұхбаттар қонақүй бөлмелерінде немесе жеке үйлердің ішінде өткізіледі. Продюсер сұрақ қойып отырады, дегенмен бұл сауалдың тақырыбы өз бетінше жауаптар беруге бағытталған, осылайша продюсер сол жауаптар ішінен іліп сұрақ қоя алады. Бұл процестің негізгі мақсаты – естеліктердің арасынан иланымды баяндауды «тоқып» шығару. Кейде субъектіге негізделген әңгімелер адам өмірінің «сюжетін» сипаттайды, басқа кездері екі, үш немесе тіпті төрт адам бір оқиға төңірегінде бірнеше түрлі нұсқаларды ұсынып жатады. Продюсер мен редактор тұтас бір оқиға сипатталғандай бұлардың басын мықтап біріктіруі қажет. Бір-бірімен байланысқан бұл баяндаудың әсері күнделікті айтылып жүрген оқиғаның өзін жандандырып жібереді, егер мұнда жақсы шыққан қызықты сәт/шарықтау шек қамтылса болғаны. Баяндаушының кадрдан тыс мәтіні арада қалып қалған бос орындарды толтырады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==