Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

265 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ■ ■ Таспаға түскен қаптаған материалдың арасынан бірқатар қысқа мәлімдемелерді мұқият таңдап алыңыз. Сосын аудиторияның көңілін бірден баурау үшін, бағдарламаның не жайында екендігін салған жерден және нақты көрсету үшін әлгі мәлімдемелерді ортаға салыңыз. Бағдарлама тизерінің қатал табиғаты, яғни фильмді кіріспесіз, музыкасыз, тек қана мәлімдемелермен бастау оның ашылуына айтарлықтай күш береді. Деректі фильмде ұстанған тәсілді аудиторияға басынан бастап-ақ білдіртуге тырысыңыз. «Майкл Фармерді кім өлтірді?» фильмін баяндаушы былай дейді: «Алайда мұнда айтылар сөз көп. Мұнда көп дүние қамтылды... бұл қылмыстың тамыры сонау тереңде жатыр». Мұнда оқиға мен адамдардың тереңінен зерттелетіні, мәселенің ұсынылатыны және шешімдер бойынша шаралар қарастырылатыны айдан анық. ■ ■ Шиеленіспен емінту – деректі фильмнің тұздығы. Шиеленіс алда не болатынын зарыға күттіруі емес. Деректі фильм фактіге негізделетіндіктен, көп жағдайда әрі қарай не болатынын алдын ала біліп отырамыз. Шиеленісті фактіге негізделген оқиға қайта баяндалса да, мотивтерді зерттеуден, бағдарламаға қатысқан адамдардың сезімдері мен көзқарастарынан табуға болады. ■ ■ Деректі фильмді жасаушылар кинематография тарихының бастауында тұрған Д.В. Гриффиттің тәсілдерімен таныс болуы керек. Видеода қолдануға болатын маңызды бір тәсіл – динамикалық монтаж: уақыты және әрекеті жағынан параллельді бағытта орналасқан екі немесе одан да көп параметрлер, немесе екіден де көп адам, немесе адамдардан құралған топтарды алуан түрлі өткелмен ұсыну. ■ ■ Алуан түрлі физикалық және эмоциялық көзқарастар дәлме-дәл пьеса жазғандай, шарықтау шегіне жетпейінше үдемелі драмалық тәртіп бойынша ұсынылады. Бұл элементтердің барлығы бір-біріне қатыстырылып, бір-бірін толықтырып, сосын бір заматта шиеленісті шарықтау шегіне жеткізуге тиіс. Көрермен түсірілімге ілесіп отырса игі, мүмкін, оқиға немесе түсірілім көркем ойдан құрастырылса да шынайы сезінуі керек. ■ ■ Сценарий оқиғаның мән-мағынасын ашып айтуды аяқтауға жақын қалған кезде келте қайырып, құдды деректі фильм діттеген межесіне жеткендей тоқтата салмаңыз. Сценарий сұхбаттар және баяндаулар «кім, не, қашан және қайда» деген сұрақтардан да артық ақпарат барлығын тұспалдауға тиіс. Мәселенің мән-жайын тарқату үшін сценарийді мотивацияны зерттеуден бастауға болады. ■ ■ Сценарийде «неліктен» сұрағына көшкенде негізгі қатысушылармен шектелмей, мәселенің жілігін шағатын сарапшыларды қосуға болады. ■ ■ Мүмкін болған жерге қолданысқа енгізілген шешімдерді ұсынумен қатар, сценарийде алда қолданылатын шешімді де қосуға болады. БИОГРАФИЯ Биография – көрермен назарына жиі ұсынылатын деректі фильм/очерк түрі. Мұндай хабарды «құрамалы деректі фильм» деп атап жүр. Нат Сегалофф A&E кабельдік арнасына тиесілі Биография бағдарламасының авторы әрі продюсері болған. Сегалофф бұл форматқа негізделген жазу мен продакшн процестерін сипаттады:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==