Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 264 ӘҢГІМЕЛЕУШІ: БІЗДІКІ СЕКІЛДІ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕЛЕТІН, ҚОРҒАЛАТЫН ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ СУБСИДИЯЛЫ ЭКО- НОМИКАДА ФЕРМЕР АУҚЫМДЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ. МҰНДАҒЫ ТЫҒЫРЫҚТАН АЛЫП ШЫҒАР ЖОЛ – ФЕРМЕРГЕ ӨЗІ ӨСІРІП-ӨНДІРЕТІН ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ӨНІМНЕН КЕЛІП ТҮСЕТІН ЖЕТКІЛІКТІ ТАБЫС МӨЛ- ШЕРІН ҰСЫНАТЫН ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ОЙЛАП ШЫҒА- РУ. СМИТ: ТАСПА #1, МОНТАЖ 1. «ӨМІРІМНІҢ ҚАЛҒАН... ТАПТЫР- МАС ОРЫН». (Өмірімнің қалған бөлігін осы жерде өткізгім келеді, себебі мен табиғатпен етене жақындықты, жермен үйлесімді және Құдайдың осы жерге берген нығметін сеземін, сол себепті, бұл–өмір сүруге де, жұмыс істеу- ге де таптырмас орын). МУЗЫКА: БАСТАЛАДЫ, ҮДЕЙДІ, ТОҚТАЙДЫ, БАППЕН ЖАЛҒАСА- ДЫ. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: СІЗДЕР «ПЬЕМОНТ, СОЛТҮСТІК КАРОЛИНА ФЕРМАСЫ ЖӘНЕ САЯСАТ» БАҒДАРЛАМАСЫН ТЫҢДАДЫҢЫЗДАР. БҰЛ БАҒДАРЛАМАНЫ СОЛТҮСТІК КАРОЛИНА УНИВЕР- СИТЕТІ РАДИО, ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ КИНЕМАТОГРАФИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РАДИО ПРОДАКШН СЫНЫБЫНДА ОҚИТЫН СТУДЕНТ ӘЗІРЛЕГЕН. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШЫҒУЫНА ҚАТЫСҚАНДАР: БАД КАРТЕР, ЙОШИ ЧИНЕН, ЖИМ КЛАРК, УИЛЬЯМ ГАЙ, РОЖЕР КУНС, ЖОН МУР, АНИТА РОУЗФИЛД, АЛЕКС УОРРЕН, ЭНН УИЛЬЯМС, ИНЖЕНЕР СТИВ СИЛЬВЕРСТАЙН ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮРГІЗУШІ УЭЙН АПЧЕРЧ. МУЗЫКА: КАДРДА ЖӘНЕ КАДРДАН ТЫС. Құрылым Эдвард Марроудың «Майкл Фармерді кім өлтірді?» ( Who Killed Michael Farmer? ) атты туындысы теле-радиодан таратылған классикалық деректі фильмдердің бірі болды. Бұл қазіргі таңда деректі фильмді ілуде біреу таратып жүрген радиоға ар- налғанымен, мұндағы тәсілдер мен әдістер видеоқалыптағы деректі фильмдерге де әсер етпей қоймады. Бұл туындыны қазіргі заманның деректі фильміне керек- ті жазу тәсілінің моделі ретінде қолдануға болады. Төменде «Майкл Фармер» де- ректі фильмінің бірқатар негізгі құрылымдық элементтері ұсынылған, бұларды видеомен қатар, радиоға да қолдануға болады:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==