Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
263 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама быс жиырма бес пайызға азайғаны жиі айтылып жүр). Ферманың қазіргі сатып алу қабілеті 1930 жылдардан бергі ең төменгі деңгейде. Сонымен қатар экономика саласындағы фермер позициясының біршама төмен- деуіне байланысты, Американың ауыл-аймақтарында- ғы фермерлер мен фермерлік кәсіппен айналыспай- тындардың арасында орасан әлеуметтік кикілжің орын алуда. Бұрынғыдай емес, қазір ауыл шаруашылығы департаментінде еңбек ететін қызметкерлер саны артқан, әрине, олар бірнеше ғана фермерлерге қыз- мет көрсетеді. Әрине, артық қалдықтың көлемі ортақ келісім жүргізу үшін негіз бола алады. Бұл көлем алты немесе жеті есеге көбейтілген, қазір оның құны шама- мен жеті миллиард долларды құрайды. Осыдан кейін, әрине, азық-түлік дүкенінде жұмсайтын фермердің долларға шаққандағы үлесі отыз сегіз центке дейін тө- мендеп кеткен. МУЗЫКА: БАСТАЛАДЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒАСАДЫ. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: МІНЕ, МӘСЕЛЕ ҚАЙДА ЖАТЫР. МУЗЫКА: ҚАРАУЫТУ. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: БҰЛ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ БҰЛЫҢҒЫР. ФЕРМЕРЛІК ТАБЫСҚА ҚАТЫСТЫ ДИЛЕММА ТЕК ФЕРМЕРЛЕРДІ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР БҰЛ КӘСІПКЕ ҚАТЫСЫ БАРЛАРДЫ, АТАП АЙТСАҚ, САЯСАТКЕРЛЕРДІ, ШЕНЕУ- НІКТЕРДІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ ДЕ ТЫҒЫРЫҚ- ҚА ТІРЕУДЕ. АМЕРИКА ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ФЕРМЕР ҚАНДАЙ ДҮНИЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ? СОЛТҮСТІК КАРОЛИНА УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТАНУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРО- ФЕССОРЫ С.Х. ХОББС БЫЛАЙ ДЕЙДІ: ХОББС: ТАСПА #5, МОНТАЖ 1: «ТУЫНДАҒАН МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ... ТАБЫС МӨЛШЕРІНЕ ЛАЙЫҚТЫ-АҚ». (Туындаған мәселенің бірі – өмір сүруге жеткілікті, басқа топтармен салыстырмалы деңгейдегі табыс көзін сақтау. Бұл фермерлердің басқа топпен бірдей табыс көзіне лайықты екендігін білдірмейді. Дегенмен фермер, расымен де, Американың экономикалық жүйесінде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын табыс мөлшеріне лайықты-ақ).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==