Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 262 МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ БОЛА БЕРМЕЙДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР ОЛАР СУБСИДИЯДАН КӨП ОЛЖА ТАППАЙДЫ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛКЕН ҚОЛДАУҒА ДА ИЕ БОЛ- МАЙДЫ, СЕБЕБІ ОЛАРДЫҢ ЕГІНДЕРІНІҢ ШЫҒЫНЫ ТӨ- МЕН, ҮКІМЕТ ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗБЕЙІНШЕ, ӨНІМДІ ҚАМ- БАДА САҚТАУҒА МҮМКІНДІК ЖОҚ. РАССЕЛ: ТАСПА #3, МОНТАЖ 3: «ФЕРМЕРЛІК ІС ЖАЛҒАСЫН... АПАТТЫ ЖАҒДАЙҒА ӘКЕП ТІРЕЙДІ». (Фермерлік іс жалғасын тапса мемлекет азық-түлік, дәнді-дақыл және жүннен таршылық көрмейді, ал фер- мерлік шаруашылық жүйесі күйресе, соғыс өрті тұтана қалса апатты жағдайға әкеп тірейді). ӘҢГІМЕЛЕУШІ: БАҒАЛАРДЫ ҚОЛДАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ ҚҰ- НАРЛАНДЫРУДАН БӨЛЕК, ҮКІМЕТ ФЕРМЕРЛІК КӘСІП- ТІ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӨЗГЕ ДЕ ФУНКЦИЯЛАР- ДЫ БАСҚАРУҒА ШАМАМЕН ЕКІ ЖАРЫМ МИЛЛИАРД ДОЛЛАР ҚАРЖЫ ЖҰМСАЙДЫ. ҮКІМЕТТІҢ ФЕРМЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА ҚАНДАЙ РӨЛ ОЙНАУ КЕРЕК- ТІГІ ЖАЙЫНДА АЙТАРЛЫҚТАЙ КЕЛІСІМ ЖОҚ. ФЕРМЕР ГАРРИ ВУДС БЫЛАЙ ДЕЙДІ: ВУДС: ТАСПА #4, МОНТАЖ 2: «ФЕРМЕРЛІК КӘСІПКЕ БАС СҰҚ- ҚАЛЫ... ҚАРАУСЫЗ ЖҮРЕ БЕРЕДІ». (Фермерлік кәсіпке бас сұққалы қиындықтардан көз ашпадым, бұл істің жақсы жағы да, жаман жағы да бар, дегенмен күрмеуі шешілмей келе жатыр. Бұл мәселені шешуге білек сыбанып, бел шеше кіріспейінше, сол түйін ешқашан тарқамайды-ау. Сіз саясат туралы сөз қозғадыңыз, білесіз бе, фермерлік бағдарламаға саясаттың арала- сатынын екінің бірі біледі деп ойлаймын, себебі сол бағдарламалар үкіметтің билігінде. Әлгі бағдарламалар Конгреске жетіп, талқыланып шыққанша өзіңіз не болатынын жақсы білесіз. Қарап тұрсаңыз тапсырмалардың орындалуы оңай, алайда оны жүзеге асыру қиындап, сан түрлі сылтаулар пайда болып кетеді. Республикалықтар мен Демократтарға келсек, екі партияның басқаруында да бізде фермер- лікке қатысты қиындықтар баршылық және, меніңше, ол қиындықтар бізбен бірге қараусыз жүре береді). КОВЕНОК: ТАСПА #2, МОНТАЖ 4: «СОҢҒЫ ЖЕТІ НЕМЕСЕ СЕГІЗ ЖЫЛ ІШІНДЕ... ЖИІ АЙТЫЛЫП ЖҮР». (Соңғы жеті не- месе сегіз жыл ішінде фермерліктен келіп түсетін та-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==