Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 268 Кездесетін қыз модель деген соң, бұл мені қызықтырып әкетті. Содан айтқан жерге жетіп бардым. Есікті Жоан ашты, алайда менімен кездесуге тиіс басқа қыз болатын. Жоан бас модель еді, мен барғанда жалғыз екен. Есікті ашқан ағылшын қызының: «Сізге қалай көмектессем болады?» – деген ағылшынша акценті бірден баурап алды. Мен оған бір қарадым да, өмір бойы суреттеп жүргенім соның келбеті екендігін түсіндім. Сосын «мен сені жақсы көремін» дегендей әлдеқайдағы бір ақымақтың сөзін айттым-ау деймін, қалай болғанда да мен оны осылай кезіктіргенмін. Сөйтіп, әу баста жоспарланған басқа қызбен емес, Жоанмен қыз бен жігіт ретінде кездесе бастадым». * * * Жоан Лимен сұхбат НС: Қалпақтарды таныстырушы модель болып жұмыс істеп жүрген кезіңіздегі Стэнмен алғашқы кездесуіңіз классикалық шығарма десе де болады, сол хикаяны өз ауызыңыздан естігім кеп отыр. Меніңше, сіз онымен кездесуді күтпегенсіз. ЖЛ [Жоан Ли]: Жоқ, тіпті де күткенім жоқ. Негізі, Рождество мерекесін тойлап жатқанбыз. Рождество думаны еді, қатарымызда кішкене бойлы Бетти Сью есімді қыз болатын, өзі аққұба келген өте әдемі қыз. Стэн сол қызбен кездесуге бармаққа бекінген. Бәрі де әлі есімде. Ол есікке жақындады (күлімсіреп) және иығына плащын жамылып алған. Шарф не галстук іспеттес бірдеңені мойнына сәндеп таққан. Қоңырауды қақты. Ашуды өтінді. «Латам қалпақтары» деп аталатын дүкен Бесінші авенюдегі адамға лық толы 37-көшеде орналасқан болатын (бұрмалап). Есік қағылды, аштым, сосын амандастым. Ол да амандасты да: «Мен саған құлай ғашық болудың сәл-ақ алдында тұрмын», – деді-ау деймін. Уысымнан шығарып алмауым керек, осы адамның дәл өзі деп ойладым. Ол кезде сұмдық шолжаң едім ғой. Сөйтіп, ішке енді, әңгімелестік. Жаңылыспасам, сол кеште Бетти Сьюді өзімен бірге алып кетті-ау деймін. Бар болғаны – осы. Кейін бір аптадан кейін ғой деймін, өзі хабарласты... екеуміз бірге түстендік және сол уақытта ол өзінің жазушы екенін айтты. Білем, қолында портфелі болатын. «Сонымен не жайында жазасыз?» – дегенім есімде. Таң-тамаша уақыт еді. Сондай романтика. Ғажап еді, сол кездер. Біз екеуміз сондай жас болдық дегенім ғой. «Мен жазу жазамын, комикстердің редакторымын», – деді. Мен болсам: «О, комикстер, бізде Англияда комикстер жоқ, біз ондай дүниелерді оқыған емеспіз», – дедім. Кейін мені баурап алу үшін қолынан келгеннің барлығын жасады (обалы не керек!). Өмірімдегі бұрын-соңды кезіктірген ең керемет адам екенін түсіндім. Солай болды. Шынымды айтайын, оны мүлде жібере алмайтынымды түсіндім. Сегіз аптадай қыз бен жігіт ретінде жүрдік те, сосын Рино қаласына барып, отау құрдық. Міне, осылай. Нат Сегалоффтың келісімі бойынша пайдаланылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==