Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

257 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ғы қоғамдық пікірдің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосады. Кей кезде мұның барлығы мән-мазмұны интеллектуалды және эмоционалды сипаттағы ең жоға- ры драмалық формада дайындалған бір бағдарламаның арнасында тоғысады. Түрлері Роберт Флаэрти – деректі фильмнің дамуына бір кісідей үлес қосқан тұлға. Оның «Солтүстіктен шыққан Нанук» ( Nanook of the North ) атты туындысын деректі фильмнің арнайы түрлерінің үлгісі ретінде қарастыруға болады. Өмірдің сырт келбетін сипаттайтын бұл фильмде – адам әлемінің ішкі-сыртқы аспектілеріне деген қарым-қатынасын драмалық қалыпта ұсынатын элементтерін мұқият ірік- теген. Флаэрти өз фильмін адамдарға қатысты қарым-қатынастан бастаған: ол жауластық, ең әрі дегенде қиын ортадағы адамдардың күш-қауқарын және кең- пейілділігін асыра мақтайды. «Тегістікті бұзған соқа» ( The Plow That Broke the Plains ) және «Өзен» ( The River ) туындыларымен көпшілікке танымал Паре Лоренц деректі фильмнің басқа бір түрімен таныстырды. Ол сан мыңдаған адамдардың өміріне ықпалын тигізіп жат- қан мәселелерді ұсынып, онда сол қиындықтарды шешудің ықтимал жолдары бейнеленген. Лоренц ұсынған деректі фильм көрерменді сәтсіз және жағымсыз ситуацияны түзету арқылы позитивті әрекет жасауға шақырды. Үшінші деректі фильм немесе очерк түрі өнертапқышЖон Гирсонның «Түнгі пошта» (Night Mail) туындысында ұсынылған. Әдеттегі күнделікті күнкөріс қамының егжей-тегжейлі тұстары (бұл фильмде Британиядағы түнгі поштаның жетуі) драмалық қалыпта және қарапайым жолмен көрсетілген. Бұл деректі фильмде біз адам мен заттар- ды қалай бар, солай көреміз. Сонымен қатар фактіге негізделген ақпаратпен еш- бір арнайы тәсілсіз немесе алға итермелейтін көзқарассыз танысамыз. Ертеректе түсірілген бұл фильмдер бүгінгінің деректі фильмі мен видеосына қажетті жазу тәсілдерінің негіздерін ұсынады. Деректі фильм осы тәсілдердің бі- рін пайдаланады, сонымен бірге жазушы (жиі кездесетін жайт) мұның бір немесе одан да көп түрлерін біріктіре алады. Көзқарас Сапалы деректі фильмде өзіндік көзқарас болады. Сіз әзірлеп жатқан деректі фильм нені көздейді ? Қоғамның салт-дәстүрі мен түйткілін объективті, жан-жақ- ты пікірмен беру ме? Бір немесе бірнеше мәселенің шешу жолдарын ұсыну ма? Ешбір сыни пікірсіз, қатыгездікті (соғысты) ақтап алу үшін халықаралық саяси қару-жарақ құралы ретінде қолдану ма? Табиғи ортаның ластану нәтижелерін көрсету ме? Бұл мәселені шешуде алға қарай бір қадам жасап, аудиторияның ластануды қалай тоқтата алатындығын көрсету ме? Белгілі бір топтың (нәсілшіл- дікпен күресіп жатқан адамдар, өз денелерін өздері басқарғысы келетін әйелдер, ЖИТС дертінің құрбандары, өз үкіметтері іздеріне түсіп, түртпектеп жүрген сая- си қарсыластар) жауластыққа толы саяси және әлеуметтік ортадағы батылдығын көрсету ме? Физикалық және рухани жасаруға апарар жалғыз жол – Оңтүстік Калифорниядағы топтық терапия жүргізетін орындарда (сауықтыру клубтары, ранчолар немесе ыстық ванна) демалу екендігін көрсету ме? Автордың (немесе продюсердің, арна басшысының, агенттік өкілдері немесе демеушінің) жеке па- йымы бағдарламаның контенті мен бағыт-бағдарын анықтап тұр ма?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==