Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 256 сарыуайымға түсіп немесе енжарлық танытып жүрген жергілікті тұрғындарға баса назар аударатынын айтады. Тереза тағы былай деп тілегін жеткізеді: «Айналасынан оқшауланып қалған адамдардың мағыналы бір істермен шұғылданғандарын бар жән-тәніммен қалаймын. Ал үнемі қобалжып жүретіндерге келсем, оларды тұрақты түрде жоспарланған белсенді істерге араласып кетуге жағдай жасайтын нәтиже- лерді байқағанды қалаймын». Фаррелдің айтуынша, бұл бөлме өз нәтижесін көрсетуде. Сондай-ақ оның әріптесі, Флорида университетінің мінез-құлық жөніндегі неврологі доктор Глен Финни деменцияға қатысты Снузелен бөлмесін қолдану туралы әдебиет- тер саны аз болғанымен, бүгіндегі «қолда бар бұл алтынның» көп үміт күтті- рерлік секілді көрінетіндігін айтады. Финни: «Бөлменің Альцгеймер дертіне шалдықтыратын шектен тыс қобалжу мен енжарлықты еңсеруге көмектесетін зерттеулерге теңіздің тамшысындай болса да үлес қосқандығы анық», – дейді. Доктор Финнидің пікірінше, кез келген стимул – айығудың кілті, себебі бұл миды өздігінен сауығуға итермелейді. «Мультисенсорлы стимуляция адамның мығым болуын және тіпті мидағы бай- ланыстың формациясын да ширықтырады – бұл теориялық модельге арқау болатын зерттеу еді. Мұның Альцгеймер дертіне шалдыққандар мен демен- циямен ауыратын өзге де науқастарды зерттеуде көл-көсір пайдасы болуы әбден мүмкін» – дейді Финни сөз соңында. Қоғамдастық мүшелері Сайприсс айлағындағы жаңадан ашылған Снузелен бөлмесін қолдана алады. Өзгелер бөлмені табуда аса қинала қоймас. Пен- сильваниядағы Снузелен жабдығын сатушы/жеткізушінің ұсынған мәліметіне сенсек, Флорида штатында 500-ге жуық, ал Америка Құрама Штаттарының емханаларында, оңалту орталықтарында, хоспистерінде және барлық басқа да мекемелерінде бірнеше мыңы орнатылған. Эми Тардиф, WGCU жаңалықтар қызметі. FM станциясының жетекшісі және жаңалықтар бөлімінің директоры Эми Тардифтің келісімі бойынша пайдаланылды, WGCU Public Media Форт-Майерс/Неаполь, Флорида. ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ Деректі фильм қойылымдық драмаға ғана жол беретін телевизия мен радио өнерінің өресі биік формасы саналады. Көптеген теле-радиостанцияның ақпарат жаршылары өне бойында жаңалықты, арнайы шараны, очеркті, музыка мен дра- маны да қамтыған деректі фильмді бәрінен жоғары тұрған өнер түрі деп айтады. Ең кереметі сол – деректі фильм эфирлік медианың креативті өнерін синтездейді және өткенге түсініктеме беріп, бүгінгіні пайымдайды не болмаса болашақта-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==