Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
255 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама біраз ортайып қалады. Сол себепті – жас көзге жарқын түс болып көрінетін нәрсе, егде жастағы жанға айтарлықтай жарқын болып көрінбеуі мүмкін. Бұл өзгешелік қарттарға стимул беріп, оларға көмектеседі», – дейді Жей. Бөлме клиент көңілінен шығатындай сипатта жасақталған. Бұл сенсорлық диета деп аталады. Мәселен, Олсеннің дертке шалдыққандығын ескерсек, егер ол ароматерапияға жақсы реакция берсе, оның жақсы көретін арома- тының бүркін тамшысы оның бүкіл денесін терлетіп жіберуі мүмкін. Ол өзі сү- йіп тыңдайтын музыканы қоса алады немесе Фаррел бөлмеде болған уақыт- та өзі қалайтын музыканы ойната алады. Олсен бұрынырақта гитарада ойна- ғандықтан, Фаррел мүгедек арбасына таңылған оны Тони Хонк органының алдына отырғызып, оған барлығына таныс бір әуенді ойнатқызуға тырысады. Лайл/Тереза: «Кәнеки, қазір тырысып көріңіздерші. Сіз музыкалық аспапта ойнайсыз ба? Шынында ма? Айтарлықтай керемет ойнай алмаймын. Жал- ғастыра беріңіз. Тырысып көрейін. Ешқандай ән білмеймін. Маған көмекте- сіп жібересіз бе? Жоқ, есіме ештеңе де түскен жоқ. Гитараның құлақ күйін келтіре аламыз ба, жоқ па, мүмкін, әуелі соны көрерміз. Ә, иә! Бұл ешқандай да гитара емес, орган аспабы екен ғой». Тони Хонк органының клавишалары үлкенірек келген жалпақ, дөңгелек пі- шіндес болып келеді. Негізінен, Олсенге ол клавишаларға қолын тигізбесе де болады, тек оның денсаулығына қатысты ақпаратты белгілеп алу үшін, қолын сол клавишалардың үстіне қойса жеткілікті. Фаррелдің мәлімдеуінше, бұл Ол- сенге оның қоршаған айналасына бақылау жасауға және сол ортамен бай- ланыс орнатуға дағдылануға көмектеседі. Бұған қоса, ол Альцгеймер дертіне шалдыққан науқастарға стимул беруде мұның таптырмас ем екендігін алға тартады. Тереза: «Дені сау адам әр 30 минут сайын 300-ге жуық заттың үстіңгі беттерін қолмен ұстап көреді, ал деменция дертінің соңғы сатысында жүрген науқас дәл осындай уақыт аралығында 1-ден 5-ке дейінгі заттың ғана бетін ұстайды. Сондықтан сіз ол науқастардың күнделікті өмірінде қолы жетпей жүрген сти- муляциясын ұсынатын орта құруға атсалыса аласыз», – дейді. Жей: «Бұл ешқандай да басқыншылық емес. Бұл емделушіге бақылау дағды- сын қайтарып алуға жағдай жасайды, әрі бұл өзі ұмытып қалған мәселелерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді және бұл мәселелерді еске түсіру олар- ды қайта-қайта қобалжуға итермелейді», – дейді. Онымен қоса, бөлме Олсенге есту қабілетін ширықтыруға және жаңбырлы асатаяқ (дыбыс) және дыбыстық ксилофон (дыбыс) секілді ұсақ моториканы басқаруға қолданылатын құрал-саймандармен жабдықталған. Сайприсс айлағындағы Қарттар үйінің бұрынғы басшысында Снузелен бөл- месін осында әкеп жасақтау туралы идеясы туындаған. Бөлме бағасын 30 000 АҚШ долларына көтеру үшін жергілікті отбасылардың жанашырлық жәрдемін, нан өнімдерін сатудан түскен пұлды және жергілікті қордың қар- жыландыруын қолдануға тура келді. Сауықтырушы терапист Тереза Фаррел олардың, ең әуелі, қобалжудың жоғары деңгейін, мінез-құлықтың бұзылуын,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==