Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 254 ның өзі қызықты көрінеді. WGCU радиостанциясынан Эми Тардиф бөлмемен танысып, мынадай репортаж әзірледі. Көрсетілім: 5:40 Бұл 79 жасар Лайл Олсеннің Форт-Майерстегі Сайприсс айлағында орналас- қан Снузелен бөлмесіне үшінші мәрте келуі. Лайл: «Егер сіз, расымен де, бойыңызды сергітіп, еркін демалғыңыз келсе, бұл жерден артық орын таппассыз», – дейді. Бүгінде зейнетке шыққан бухгалтер Лайл Миннесота штатындағы Блуминг- тонда қаржы директоры қызметін атқарып, Америка сауда орталығының құ- рылысына көмектескен. Қазіргі таңда ұмытшақтық дертімен күресу үстінде. Сол себептен Лайлдың әйелі Одри оның осында апта сайын келіп қаралуын бақылап жүр. Одри: «Біздің бірігіп жасай алатын әрекетіміз осы болды. Бұдан кейін екеуі- міз де өзімізді жақсы сезіндік», – дейді. Сенсорлық жабдықтардың түр-түрі- мен толықтырылған Снузелен бөлмесі, ең әуелі, 1970 жылдары Нидерландта жасақталған. Бүгінде мұндай типтес бөлмелердің қатары әлем бойынша көбейіп-ақ келеді. Әсіресе мұндай бөлмелер Еуропада кеңінен таралуда. «Snoezelen» сөзі голланд тілінде «қалғу» және «пысылдау» деген мағынаны білдіреді. Сіз бұл бөлмеде қалғып та, пысылдай да аласыз – мұнда 200 шар- шы метрді алып жатқан, бұрын спаға арналған орын болған Сайприсс айлағы қараша айында ашылды. Сауықтырушы терапист Тереза Фаррел бөлменің бағыт-бағдарын (еденнен төбеге дейін тартылып тұрған төрт акрилді түтік/труба, әрқайсысы түс ауыс- тыратын көпіршіктерге толы) түсіндіре келе, оның мазасы қашқандарды са- басына түсіріп, ал енжар ересектердің еңсесін көтеретінін айтты. Тереза: «Сонымен қатар көпіршікке толы түтіктердің қаламыздың күйгелек тұрғындарын, расымен де, тыныштандырып, бойларын еркін ұстауға көмек- тесетіндерін байқадым. Олар жоғарыдан төменге сырғитын көпіршіктердің қозғалысына имитациялауды әбден ұнатады. Біз оларға сымсыз құрылғы- лардың әртүрлісін ұсынамыз, олар өздері ұнататын түстерге ауыстыра алады. Бұл – дыбыс активаторы...» Снузелен бөлмесіндегі Лайл Олсеннің жаны жақсы көретіні – осы түтіктер. Лайл: «Себебі бұл түтіктердегінің барлығы адам жанын тыныштандырады, бұ- ларға қарау, алуан түрлі түстерді байқау, сосын қайтып келіп, түтіктің ішінде не болып жатқандығын қарау бойыңды еркін ұстауға мүмкіндік береді», – дейді. Түтіктердегі көпіршіктер нақты әрі жарқын түстер – жасыл, көк, қызыл және сары түстермен көмкерілген. Кейбіреулерге бұл түстерге бірнеше минуттан артық қарау қиынға соғуы мүмкін. Алайда айлақтың денсаулық сақтау жө- ніндегі әкімшісі Жей Гроссердің сөзіне сенсек, бұл – Лайл Олсен үшін түк те емес. «Адамның жасы ұлғайған сайын, оның көздерінің жарықты қабылдау қабілеті

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==