Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
253 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Дұға оқып тұрған басқа періштелердің суреттері. Мадонна келіп жетті. Періште рәсімі басталуда. Періштенің «ұшу» реттілігі, басынан аяғына дейін. (Музыканы үдету және эпизод кезінде бәсеңдету). ЖИМ ЖИНИ (КАДРДАН ТЫС МӘТІН): Бәлкім, өмір бақи балықшы, қоғамның негізін қалаушы әрі мүшесі болған атамның әруағы мені көктен бақылап, қуанып, мені мақтан тұтады деп ойлағаннан өз жұмысымды құлшыныспен атқаратын болармын. Қара түске қарауыту. Түсірілім топ титрі. (МУЗЫКАНЫ ҮДЕТУ). Сценарий авторы – Бет Харрингтон, Харрингтон ханымның келісімі бойынша пайдаланылды. РАДИО Бұған дейін сөз етілгендей, коммерциялық радио түгелге жуық музыка, ток- шоу, спортты қамти бастаса, бейкоммерциялық радио жоғары сапалы деректі фильмдер мен очерктерді әзірлеп шығару ісін жалғастыруда. Бұған мысал ретін- де, төменде ұсынылған «Снузелен бөлмесі» ( The Snoezelen Room ) атты жаңалықтар бағдарламасын айтуға болады. Аталмыш бағдарламаның авторы және продюсе- рі – WGCU-FM станциясының жетекшісі және жаңалықтар бөлімінің басшысы, радио әлеміне қосқан орасан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болып жүрген Эми Тардиф. «Снузелен бөлмесі» бағдарламасы – аймақтық тілшілерге ұсыны- латын Эдуард Р. Марроу жүлдесін 2013 жылы ұтып алған болатын. СНУЗЕЛЕН БӨЛМЕСІ ДЕМЕНЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ СТИМУЛ БЕРЕДІ 3/26 Тардиф Форт-Майерстегі үздіксіз күтім жасау орталығында ересектерге арналған мультисенсорлық жаңа ойын бөлмесі бар. Мұнда Альцгеймер дертіне және деменцияның басқа түрлеріне шалдыққан адамдар стимуляция және релак- сация процестерінен өтеді. Тіпті ол бөлменің «Снузелен бөлмесі» деген атауы-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==