Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 252 ЖИМ ЖИНИ: Эдди Марино аяқкиімсіз, құр шұлықпен келе жатқандығы көрсетіледі, артынша Эддидің Мадоннаға сиынып жатқан сәтін көрсетеді. Эддиді Балықшылар мейрамының бойтұмары деп айтсаңыз да болады. Негізінен, бұл – біздің рухтандырушы көшбасшымыз. Әрине, тайлы- таяғымызбен осы мерекені тойлауға берілгенбіз. Алайда арамызда Эддиден артық Құдай-анамен және Мадонна Дель Соккорсо мерекесімен эмоционалды байланыста біреу бар деп айта алмаймын. Жим Жинидің сұхбатын қайтып көрсету. Мерекенің өзгеше бір тұсы – періште бөлімі, мұны біз періштелер рәсімі деп атаймыз. Бұл рәсім – Балықшылар мейрамын Норт-Эндте өтетін өзге мерекелерден ерекшелеп тұрады. Бұл мерекенің күллі сицилиялықтар үшін жөні бөлек. [СҰХБАТ АЛУШЫ]: Норт-Эндтің әйел тұрғынымен болған сұхбатты көрсету, титр: «Бұрынғы періште» Бізге періште болғаныңыз жайында айтып беріңізші? Есіңізде сақталған болса, оны сипаттап берсеңіз? НОРТ-ЭНД ТҰРҒЫНЫ: Рас, менің өмірімдегі ең қатты толқыған күн болды. Басқаша қалай сипаттау керек. Менің қызым да, немерем де, барлық туыстарым, жиендерім, бәрі- бәрі осы рәсімнен өткен. АНДРЕА: Бірінші періштемен болған сұхбатты көрсету. Бұл – қолайсыз рәсім, себебі арқамен жатасыз, ал салмағыңыздың ауырлық күші беліңізге келіп түседі. Сіз ана жерде ілініп тұрған уақытта мәлімдеме жасауға керекті сөзді айтуға ауа жетпей қиналасыз, сосын ауаны сіміре жұту қиынға соғады. Кей кезде келесі сөйлемге дейін деміңізді ішке сақтап отыруға мәжбүр боласыз. Әжептәуір қиынға соғады. «Ұшуға» әзірленіп тұрған періште қамтылған кадр, артынша рәсім алдындағы көшеде тұрған сахналар. (Музыканы үдету және эпизод кезінде бәсеңдету, кейін қайта үдету).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==