Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

251 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Бұрынырақта осында туыстарымыз тұратын. Мен жартылай италиялық, жартылай америкалықпын, сол себепті біз осында ат басын бұрып, балаларды алып келіп, оларды атадан қалған мирастан алыстатпауға тырысып-бағамыз. Негізінен, бар болғаны – осы. Білесіз бе, қала сыртына шығасыз, сосын біраз уақыттан соң, сіз бірсарынды/ гомогендік кейіпке еніп кетесіз. Өзіңіздің этникалық байланысыңызды жоғалтып алғандай көрінесіз, былайша айтқанда. [СҰХБАТ АЛУШЫ: Бұл жайында не ойлайсыздар, жастар?] БАЛА: Керемет! [Мерекенің қай жері қызық?] БАЛАЛАР: Тамақ! САУДАГЕР: Бізде қуырылған кальмар және ұлудың дәміндей тіл үйіретін тәтті пияздар бар. Иісі мұрныңызды жарады. Бұл нәрлі тағам. Кім ауыз тигісі келеді? САУДАГЕР: Мына тағамның дәмін кім татқысы келеді? Біреуін жеп көресіз бе? ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Эдди мен Жим Жини қамтылған екі кадр, ізінше Эддидің шеруге қатысқан тұстарынан үзінділер беріледі. Мерекеге деген құрметін көрсету мақсатында Эдди Марино жыл сайын шеруді аяқкиімсіз, жалаңаяқ жүріп өтеді. Оның айтуынша, Мадоннаға деген сенім маскүнемдіктен арылуына көмектескен. ЭДДИ МАРИНО: (КАДР СЫРТЫНДАҒЫ ДАУЫС). Мен маскүнемдердің қордасында болғанда оған қарай бұрылдым, оның шығып келе жатқанын байқадым. Көшенің бойына тоқтадым да, оның алдына тізерлей отырып: «Сен мені түзу жолға түсуге мәжбүр қыласың не болмаса өмірімнің астан-кестеңін шығарасың», – дедім. Менің оған ғибадат етіп, сиынғаным соншалық – нәтижесінде дегеніме жеттім. (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ. Эддидің дұғасы).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==