Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 250 Шашуды жинау сәті түсірілген кадрлар монтажы. Мереке кезіндегі ақша жинаудың негізгі мақсаты – мерекелеуге қажетті қаражатты төлеу. Өкінішке қарай, адамдар көбінесе ақша тапқанды ғана біледі. Олар ақшаның терезеден шығып жатқандығын көреді де, сол ақшаға тесіліп қарап отырады. Сіз бума-бума бір долларлықтарды жинастырып, оларды қол жетпес биік жерге сақтап қоюыңыз мүмкін, бұл өте әсерлі көрінеді. Дегенмен сіз оларды санаған кезде және сізде жалпы сомасы 25-тен 35 000 АҚШ долларына дейін құрайтын төлемақы болса, оларды төлеу үшін сізге шаш етектен доллар қажет болса, мерекені ұйымдастырғандай қандай да бір кәсіп ұйымдастырылса, әлгі жинаған ақшаңыз бір жылдың ішінде-ақ жұмсалып кететін еді. (Музыканы үдету және келесіге қолдану). САУДАГЕР: Саудагерлер, қонақтар және Норт-Энд тұрғындары қамтылған кадрлар монтажы. Жазғытұрым италиялық болу үшін Италияның тумасы болу міндетті емес. Патша көңілі қалаған әрбір жан осында келіп, италиялық бола алады. ҚОНАҚ: Өзімнің Голуэй қалпағымды италиялық сүйкімді қалпаққа қуана-қуана айырбастаудамын. Барлықтарыңызды Тәңір жарылқасын! НОРТ-ЭНД ТҰРҒЫНЫ: Бұл – күнделікті өмір. Тек адамдар бірге жиналады да толқыған шаттықтарын бір-бірімен бөліседі, осылайша олар бақыттан бал-бұл жайнап жүреді. НОРТ-ЭНД ТҰРҒЫНЫ: Бұл – өте жақсы мереке. Өзіме қатты ұнайды. НОРТ-ЭНД ТҰРҒЫНЫ: Маған аптасына үш рет билеп тұру керек. Өмірімнің соңына дейін билемек ойым бар. Бірнеше күн билемей қалсам, көңілімнің хошы болмай тұрғанын, өзімді ауырып тұрғандай сеземін. Ал егер билей бастасам, көңілім көтеріледі. ҚОНАҚ:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==