Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
249 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Рома Бэнд/Сығандар тобына дирижерлік етіп тұрған Артур Фидлердің суретіне өту. «Ол болса енді қайтейінің не сенің?» – деді. Сосын мен: «Менің не істегенімді қалап тұрсың, біз жаққа қарай жақындаңыз дейін бе?» – дедім. Сөйттім де: «Жалғастырыңдар!» – дедім. Әлгі музыкант Артурдың қасына барды да, оған жалына бастады. Ол: «Мен Кеңес құрамындамын. Қосыла алмаймын», – деп әлек, біз болсақ: «Жә, жарайды, Кеңеске қатыстының барлығын ұмыт», – деп әлекпіз. Ақырында, бізге келіп, бір-екі маршқа дирижерлік етті. Олар бірге суретке түсті, келесі күні сол сурет күллі әлемге, Гавай аралдарына, Еуропаға, барлық жерге таралып кетті. Бұл – үлкен құрмет болды. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Норт-Энд арқылы өтіп бара жатқан мерекелік шерудің кадры. Жексенбі күнгі шеру бір күнге жалғасады. Тұрғындар Мадоннаның мүсінін Норт-Энд көшелерінің бойымен алып жүрді. (МУЗЫКА ҚОСУ). (МУЗЫКАНЫ ҮДЕТУ). №1 ӘКЕ: Әкелері суретті ұстап тұр, мынадай жазу бар: «Періштелердің әкелері». Жасымды Жаңа жылға дейін санамаймын. Шын айтамын. Менің жасым Жаңа жылда аяқталып не болмаса Жаңа жылда басталмайды. Менің жасым осы мерекемен басталып, осы мерекемен аяқталады. №2 ӘКЕ: Екінші әкені ірі планмен көрсету. Басқа балалар Рождествоны екі көздері төрт болып қалай күтсе, біз де бұл мерекені солай асыға күттік. Есімде, ата-аналарымыз мерекенің алдында бірнеше ай бұрын бізге жаңа киімдер: жаңа аяқкиімдер, жаңа шалбарлар, жаңа жейделер сатып алатын. Барлығымыз мереке кезінде шыттай боп киініп, жарқырап жүруіміз қажет. РЭЙ ЖИНИ:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==