Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 248 Рэй Жиниді ірі планмен көрсету. Есімі және титр: Президент, Мадонна Дель Соккорсо қоғамы. Бала күнімде еш мерекеден құр қалған емеспін. Әрине, әкем балықшы болған жоқ. Әкем тіпті сицилиялық та емес! Дегенмен нағашыларымның отбасындағы дәстүр – балықшылар мейрамын басты мерекеге балайтын және соны дүркіретіп тойлап өсіп-өндік. Жыл сайын осы маңға арнайы ат басын бұрып, мейрамды жіберіп алмауға тырыстық. Қайықпен қалқиық, мейлі, кемемен жүзіп жүрейік, біз үнемі сол мерекенің ортасында болдық. Туды жыққан емеспіз. Ес біліп, етек жапқаннан кейін, күйбең тіршілік титықтатқанда жүрек түбінде қасиетті бірдеңені сақтайсыз. Мадоннаның мүсінін көрсету. Ірі пландағы Рэй Жиниді қайта көрсету. 18 жасқа толған бойда қоғамның қатарына қосылу өте маңызды еді, себебі біз дәстүрді жалғастырдық. Өз басым, әуелде, бауырым секілді жан-тәніммен беріле қызыққан емеспін, алайда әжем қайтыс болған соң білек сыбана кірістім. Осы мейрамды жалғастыру әжемнің арманы болатын. Марқұм әжем үшін одан артық ештеңе жоқ еді. Оның жатын бөлмесіндегі қабырғада үнемі Мадоннаның суреті ілініп, сол суреттің алдында майшамдар жағылып тұратын. Мадоннасына адал болды. Әжем өз немерелерінің қоғамның ісін жалғастырғанын, мерекелеуді үзбегенін көргісі келді. * * * ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Рома Бэндтің/ Сығандар тобының өнер көрсетуі қамтылған кадр, Гай Гиараффты зуммен жақындатып көрсету. Норт-Эндте қандай мереке музыкасыз өтсін? Тарантеллалар, марштар, әнұрандар! Рома Бэнд/ Сығандар тобы 1919 жылы құрылған және содан бері олар әр мереке сайын өнер көрсетіп келеді. ГАЙ ГИАРАФФ: Гайды орта планмен көрсету, есімі және титр: «Гай Гиарафф, Маэстро, Рома Бэнд/ Сығандар тобы». Меніңше, Балықшылар мейрамы мерекелердің төресі, мың бояулы шара. Көңілді толқытады. Неліктен дейсіз ғой? Себебі олар сицилиялықтар, мен де сицилиялықпын. Біздің де көңіліміз тебіреніп-ақ тұр. Есімде, бірнеше жыл бұрын Норд- стритте Рома Бэнд/Сығандар тобына дирижерлік етіп тұрғанмын. Әлдебіреу Артур Фидлер мырзаны, марқұм Артур Фидлердің көшесінде келе жатқандығын байқап қалды. Сосын олар: «Гай, анау маэстро Артур Фидлер ғой», – деді. Мен болсам: «Ол болса қайтейін?» – дедім (күліп).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==