Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

247 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама РЭЙ БОНО: Капитан Рэй Бононы орта планмен көрсету. Әулетімде балық шаруашылығымен айналысқан өзім ғана. Бірнеше жыл бұрын мұнда 150 қайық болған шығар. Қазір әрі кетсе 20 қайық және 150 қайықтың көбісі отбасылық қайықтар. Сөйтіп, немере ағасы, әкесі, ағасы, бауыры және күйеу баласы бірге балық аулап жүретін. Бүгінде сол мүмкіндік жоқтың қасы. Бар болғаны топ қана қалған. Бауырыңызда, өзіңізде қос-қостан қайық немесе асай-мүсей болуы мүмкін. Алайда оларда бұрынғыдай тонның ішкі бауындай аралас-құраластық жоқ. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Қыстыгүні теңіз жағалауында тұрған қайықтардың универсалды кинохроникалық кадрлары. Титрдағы сөз: «Бостон балық аулау флоты, 1938 жыл». Балықшыларға бұл оңайға тиген жоқ. Атлантиканың қысы қаһарлы болды және жайлы ауа райының да қырсығы тиді. Бағзы заманда, одан бергі кезде де адамдар Мадоннаны Құдайдай көріп, құлай сенді. Рэй оның суретін бортқа арулап іліп қояды. РЭЙ БОНО: Орта пландағы Рэй Бононы қайта көрсету. Қайық батып бара жатты. Жағалаудағы күзеттің бізді алып кетуін күтіп отырмыз. Үрленетін құтқару салын борттан асыра лақтырдық. Лақтырғанымыз сол-ақ еді, салдың желі шығып кетсін. Сөйтіп, жалғыз қалдық. Жүзіп жүрген қайықтардың ең жақыны 12 миль қашықтықта. Сосын мен суретке қарай бұрылдым да: «Бізді және жігіттерді құтқара гөр!», – деп өтіндім. Сөйтіп, көмекке тікұшақ келіп алып кетті. Оның шарапатын көрдім... сол суретке телміріп сездім. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Норт-Энд тұрғындары шіркеуден шығып келе жатыр. Балықшылар ұрпақтарының бұл мейрамға жанын салып қатысуының өзіндік себептері бар. РЭЙ ЖИНИ:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==