Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 246 Үлкен өзгеріс. Жалғыз иек артар дүниең – өзгеріс. Серуендеуші катерлер балық аулау қайықтарын қолданыстан ығыстыруда. Жалдамалы пәтерлер кондоминимумдардың (бірнеше жылжымайтын мүлікке ортақ иелік) меншіктеріне өтуде. Норт-Эндтың қарт тұрғындары, шеру және аймақ көріністерінен монтаждалған түсірілімдер. Ал мүлде өзгермейтін дүниелер бар. Құдды бір итальяндық мерекелер іспеттес. Әрине, олар қазір өзгешелеу. Тоқтап қалмады. Өз ісіне берілген санаулы адамның арқасында жалғасып келеді. Қара түске қарауыту. Мерекелік көріністің кіріспесінен құралған коллажға қарауыту. Титр: «Аве Мария: Балықшылар мейрамының хикаясы» Айрықша ерекше саналатын бір мереке бар. Бұл мерекенің тарихына тоқтала кетсек (музыка қосу). (Рома бэнд/Сығандар тобы: Марсия Реале) ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Ғасыр басындағы Норт- Энд аймағының тарихи суреттері, қоғамның негізін қалаушылар және т.б. суреттер монтажы. Ғасыр басында италиялық иммигранттар, Шакка, Сицилиядан шыққан мына адамдар секілді өзара жәрдемдесу қоғамдарының (құрамдастырылған сақтандыру агенттіктері, қолдау топтары және әлеуметтік клубтар) негізін қалаған. Мадонна Дель Соккорсо қоғамы мүшеліктегі адамдарды медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, жерлеу рәсімдерін өз мойындарына алды. Ең маңыздысы – өз қорғаушыларының құрметіне орай, жыл сайын мереке ұйымдастырып отырды. Бұл шара ХVІ ғасырдың басындағы Италияға қатысты мерекелік дәстүр болды. Бостонның балық аулау айлақтарынан түсірілген универсалды кинохроникалық кадрлар. Дегенмен мұнда дәстүр екінші кезеңге жетті. Бұл қоғам мүшелері жеті атасынан бері балықшы болған. «Әулие Иуданың» (балық аулау қайығы) теңізге шығып бара жатқанын жалпы планмен көрсету. Бүгінде капитан Рэй Боно Балықшылар мейрамындағы басты маршалл, онымен қоса дәстүрдің шырақшысы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==