Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
245 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама 5. Сұхбат беруші оқиғаны барынша әңгімелеп, ақпарат ұсынуы мүмкін, алайда автор оны «сөйлеуші бас» сипатында қалдырмасын не болмаса әңгімелеушіге кезек берсін. Зерттеу кезінде табылған визуалды материал- дарды қолдану маңызды, мысалы, 1938 жылы түсірілген Бостон балық аулау флоты кинохроникасының кадрлары (бағдарлама шыққанға дейін көптеген жылдар бұрын) әңгімелеуші мен капитан Бононың коммента- рийлерінде қосылады. 6. Тағы да атап өтерлік жайт, автор Рэй Жинидің сұхбатында «құр сөзбен қуырдақ қуырудан» қашады, визуалды материалдарды ретіне қарай Жи- нидің сөзініңүстіне береді, өзі әңгімелеушіге айналады. Дәлосындайтәсіл– сұхбат беруші топ көшбасшысы Гай Гиаррафаның Артур Фидлерді атап өткенде де қолданылады, сол сәтте Фидлердің визуалды бейнесі шығады. 7. Кей тұста комментарийді күшейтіп ұсыну үшін драматизация қолданы- лады. Мысалы, адамдардың шеру кезіндегі сезімдері мен пайымдары №1 және №2 әкелермен болған сұхбаттар арқылы анығырақ ұсынылған, ал әңгімелеуші дәл солай жеткізе алмас еді. Бұл тәсіл – Норт-Энд аймағы- ның тұрғындары мен қонақтарына қатысты келесі комментарийлерде де қолданылады. Норт-Энд тұрғындары мен қонақтардан, соның ішінде ба- лалардан алынған сұхбаттар көрерменнің қызығушылығы мен жанашыр- лығын ояту мақсатында әзірленген. 8. «Аве Мария» (Ave Maria) деректі фильм ретінде ешбір саяси не әлеуметтік көзқарасты ұсынбаса да, бұл фильм тақырыптың адами факторларына бейжай қарамайды. Мәселен, Эдди Мариноның фестивальдың маскүнем- діктен арылуға көмектескендігі және бірнеше адамдардың шеруге қатысу- дың арқасында жеке өмірлеріне өзгеріс орнағандары жайындағы коммен- тарийлерді тыңдайсыз. 9. Сценарий фестивальдың сала-құлаш аспектілеріне баса көңіл бөлгенімен, мұнда діни бағыт назардан тысқары қалмайды, маңызына мән беру үшін драматизация кірістірген. 10. Сценарийдің соңында іс-шараның үздіксіздігіне ерекше назар аударту мақсатында өткен мен қазіргіні анық сипатта байланыстыру тәсілі бейне- ленген. Не болып жатқандығын көріп тұрмыз, дегенмен ең бастысы адам қызығушылығына қатысты факторлар, яғни сапалы очерктің маңызды құ- рамдас бөлігін сахна сыртынан бақылаудамыз. «АВЕ МАРИЯ: БАЛЫҚШЫЛАР МЕЙРАМЫНЫҢ ХИКАЯСЫ» ВИДЕО АУДИО Шағалалар ұшып жүр. Бостон айлағының кадрлары. Норт-Энд жүзі құбылып тұр. Титрдағы сөздер: «Норт-Энд, Бостон, Массачусетс». (Музыка үдей түседі және кадр сыртында жалғасады). ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Өзгеріс керек пе? Норт-Энд өзгерістің талайын кешкен. Ағылшын колонистерінен итальяндық иммигранттарға дейін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==