Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 244 осы мәдениетті өзгерте алсақ, ізінше мінез-құлықты да өзгертуге қабілетті боламыз. КРОНКАЙТ: Доктор Скиннердің айтуынша, тірі қалуымыздың өзі және адамдарды бақылауға байланысты және сол бақылауды сақтаудың тәсілдері жетіп артылады. СКИННЕР: Бізге сол бақылау тиесілі деп пайымдаймын... Бізде оның негіздері бар. Сондай-ақ біз мәдениетімізді оны бізге қолдануға рұқсат беретіндей етіп өзгертуіміз қажет. КРОНКАЙТ: Тарихшы Кук мәселенің мүлде басқада екендігін алға тартады. КУК: Біз адамдарды асырап-бағуда қолдануға болатын бұл тамаша технологияларды өмірді жеңілдету үшін қолданып жатырмыз, бұларды адамдарды бақылау үшін пайдаланудамыз. Мен мұны түйткілдің төресі деп білемін: қолымызда бар, бізді азат ететін қандай технологияны қолдандық. КРОНКАЙТ: Еркіндікке қол жеткізу және еркіндік шектеулері, пікірталас пен «Америкалық челлендж» хабарында көтерілетін тақырып – еркіндікті көк тиын құрлы құнсыз етпей, оның түпкі мағынасын аша түсу. Студияда сіздермен бірге – Уолтер Кронкайт, бұл CBS News бағдарламасы. CBS News келісімі бойынша пайдаланылды. Телевизия Төменде Аве Мария (Ave Maria) туындысының жұмыс (немесе ақырғы) сцена - рийінен үзінділер берілген: «Балықшылар мейрамының хикаясы» (The Story of the Fisherman’s Feast ) атты бөлімінде Бет Харрингтон өте сапалы очерктің негізгі эле- менттерін көрсетті. Сценарийге көз жүгіртіп, тиянақты жазу тәсілдеріне көңіл бөліңіз. 1. Бірінші эпизодтан-ақ локацияны бірден байқауға болады. Сол заматта ескі мен жаңаны салыстыру, бір-біріне қарсы қою, әсіресе бір түрден екін- шісіне ауыстыру адамның көңілін аулайды әрі қызығушылығын арттыра- ды. Үлкейтілген Бостон айлағының визуалды көрінісі бара-бара Норт-Энд аймағына дейін кішірейіп, көрерменге сол аймақта болып жатқан әрекет- ті көрсетеді. 2. Очерк тарихи оқиғамен тамырласып жатқанымен, көрермен өз практика- cының дәргейінде бағамдайды және сценарийге байланысты бірден бай- қатады. 3. Көптеген очерк пен деректі фильмде әңгімелеуші негізігі рөлді атқарады. Дегенмен телевизияда әңгімелеушінің тұлғасының көрінбейтіні қалыпты жағдай, кадрдан тыс дыбысты місе тұтады. Кіріспеден кейінгі «Аве Ма- риядағы» (Ave Maria) әңгімелеушінің сөздері – тарихи суреттермен бірге монтаждалатын кадр сыртындағы дыбыс. 4. Синхрондар керек кезінде беріледі, мәселен, ең бірінші сұхбат беруші ба- лықшылар капитаны Рэй Боно болды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==