Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

243 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Көрсетілім: :16 Аяқталуы: ... кәдеге жаратамыз. Тарихшы Кук мәселенің мүлде басқада екендігін алға тартады. Басы: Біз адамдарды асырап-бағуда қолдануға болатын... Көрсетілім: :25 Аяқталуы: ...бізді азат ететін қай технологияны қолдандық, негізі. Еркіндікке қол жеткізу және еркіндік шектеулері. Пікірталас пен «Америкалық челлендж» хабарында көтерілетін тақырып – еркіндікті көк тиын құрлы құнсыз етпей, оның түпкі мағынасын аша түсу. Студияда сіздермен бірге – Уолтер Кронкайт, бұл CBS News бағдарламасы. БАҒДАРЛАМАНЫҢ СТЕНОГРАММАҒА ТҮСІРІЛГЕН ҮЛГІСІ #10 – ЕРКІН ӨМІР СҮРУ ҮШІН (МУЗЫКА) УОЛТЕР КРОНКАЙТ: «АМЕРИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ» осы аптадағы отыз арнайы репортаж. CBS Radio Network студиясында сіздермен бірге – Уолтер Кронкайт. Ұлыбритания мен Америка колонистерінің арасындағы қарым-қатынасқа біртіндеп сызат түсе бастаған уақытта Томас Жефферсон: «Бізге өмірді сыйлаған Құдай бір уақытта еркіндікті де сыйға тартты, екеуі күшпен жойылуы мүмкін, алайда ешкім бір-бірінен ажырата алмайды», – деген еді. Қазір бұл шындыққа жанаспайды. Есірткі, миға электростимуляция орнату, мінез-құлық жөніндегі психология тәсілдері адамға еркіндік сыйлағанымен, оны құрдымға кетіруі мүмкін. «Америкалық челлендж» хабарынан кейін. * * * КРОНКАЙТ: Еркіндіктің түп мағынасын анықтауды философия студенттері мен сөздіктерді құрастыратын адамдардың құзырына қалдырдық. Нью-Йорктегі Жон Жей атындағы қылмыстық құқық колледжінің оқытушысы, тарихшы Бланш Кук еркіндіктің не екендігін жеткізу әлдеқайда жеңіл екендігін айтады. БЛАНШ КУК: Түрлі полиция бөлімшелерінің тәсілдеріне қарай бастайсыз. Мысалы, олардың бірқатар жаңа технологияларды қалай қолданатындығына мән берсек, мұның ішінде ең оғаш көрінетін бір қызық бағдарлама бар: ұрлыққа көп түсетін, ылғи да қамауға алынатын әлдебіреудің миына электродты орнату. Айталық, ұрлықшының қаланың қақ ортасындағы супермаркетке бара жатқанында компьютер оның адреналині көтеріліп, жүрек қағысының жылдамдап кеткендігін байқайды, бұл оның бірдеңені ұрлауға ниетті екендігін байқатады. Компьютер шокты көреді, сөйтіп, сол адамды тежейді. КРОНКАЙТ: Мінез-құлық жөніндегі психолог Б.Ф. Скиннердің пікірінше, еркіндікті уайым қылу – «тізесі» шығып, уақыты өтіп кеткен тақырып. А.Ф. СКИННЕР: Адам құқығын табанды түрде алға тартуда біздің қателесіп жүргендігімізді көрсете аласыз деп ойлаймын. Мысалы, адамның қалауы бойынша ұрпақ өрбіту немесе әлемдік ресурстардың жеткілікті үлестен де көп бөлігін пайдалануы, қоршаған ортаны ластауы. Бұлар – шынайы еркіндіктер емес, бұлар – қазіргі мәдениетіміздің өнімдері. Егер де біз

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==