Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 242 «АМЕРИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ» ( AMERICAN CHALLENGE) БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС СЦЕНАРИЙІ 10-бағдарлама: ЕРКІН ӨМІР СҮРУ ҮШІН МУЗЫКАЛЫҚ МАҚАМ, содан кейін 3 секундтай ойнайды. КРОНКАЙТ: «Америкалық челлендж» осы аптадағы отыз арнайы репортажды сіздерге ұсынды... МУЗЫКАЛЫҚ МАҚАМНЫҢ БАСЫ МЕН СОҢЫ: 13 КРОНКАЙТ: эфирде CBS Radio Network желісіндегі CBS News бағдарламасын жүргізетін мен – Уолтер Кронкайт. Ұлыбритания мен Америка колонистерінің арасындағы қарым-қатынасқа біртіндеп сызат түсе бастаған уақытта Томас Жефферсон былай деген еді: «Бізге өмірді сыйлаған Құдай бір уақытта еркіндікті де сыйға тартты, екеуі күшпен жойылуы мүмкін, алайда ешкім бірінен-бірін ажырата алмайды». Қазір бұл шындыққа жанаспайды. Есірткі, миға электростимуляция орнату, мінез-құлық жөніндегі психология тәсілдері адамға еркіндік сыйлағанымен, оны құрдымға кетіруі мүмкін. «Америкалық челлендж» хабарынан кейін. (ЖАРНАМАЛЫҚ ЕНДІРМЕ) Еркіндіктің түп мағынасын анықтауды, философия студенттері мен сөздіктерді құрастыратын адамдардың құзырына қалдырдық. Нью- Йорктегі Жон Жей атындағы Қылмыстық құқық колледжінің оқытушысы, тарихшы Бланш Кук еркіндіктің не екендігін жеткізу әлдеқайда жеңіл екендігін айтады. Басы: Түрлі полиция бөлімшелерінің тәсілдеріне қарай бастайсыз... Көрсетілім: 30 Аяқталуы: әлгі адамның ұрлық жасау әрекетін тоқтатады. Мінез-құлық жөніндегі психолог Б.Ф. Скиннердің пікірінше, еркіндікті уайым қылу – «тізесі» шығып, уақыты өтіп кеткен тақырып. Басы: Адам құқығын табанды түрде алға тартуда біздің қателесіп жүргендігімізді көрсете аласыз деп ойлаймын... Көрсетілім: : 36 Аяқталуы: ... ізінше мінез-құлықты да өзгертуге қабілетті боламыз. Доктор Скиннердің айтуынша, тірі қалуымыздың өзі адамдарды бақылауға байланысты және сол бақылауды сақтаудың тәсілдері жетіп артылады. Басы: Бізге сол бақылау тиесілі деп пайымдаймын... Енді CBS Radio -сындағы «Америкалық челлендж» сериясының жұмыс сцена- рийі, оған қоса стенограммаға түсірілген үзіндісі берілді. Жұмыс сценарийіндегі контент өзектілігі мен уақыт ұзақтығын орнатуды эфирдегі материалмен салыс- тырыңыз. Алдын ала әзірленетін сценарийде сұхбат берушілердің пікірлері мен олардың сөйлеу уақыт мөлшерінің басталуы мен аяқталуы (нақты өңдеу үшін ке- лесі сценарий түрлеріне қажетті) анық көрсетілмейді. Дегенмен бұл сценарийде сұхбат алынатын адамдар мен олардың шамамен не айтатындары сипатталады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==