Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

241 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ҮШ ШТАТҚА ҚАТЫСЫ БАР ОҚИҒА. СИМВОЛДАР ГЕНЕРАТОРЫ. ҚЫЗЫЛ КРЕСТ МӘСЕЛЕСІ. ұсынатын WEHT телестанциясы ҮШ ШТАТҚА ОРТАҚ РЕПОРТАЖДЫ назарларыңызға ұсынады, бұл бағдарлама америкалық Қызыл Крест ұйымының Спрингфилд бөлімшесінің көмегімен әзірленді. Қызыл Крест ұйымы Спрингфилд бөлімшесінің Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Жон Смит мырза студия қонақтарымен таныстыратын болады. Смит мырза: СМИТ КАМЕРАДА. (СМИТ МЫРЗА ДИКТОРҒА СӨЗ ТІЗГІНІН ҰСЫНҒАНЫ ҮШІН РАҚМЕТІН АЙТЫП, СТУДИЯҒА ШАҚЫРТЫЛҒАН ЕКІ ҚОНАҚ ХАРВИ МЫРЗА МЕН ЖОНС МЫРЗАНЫ КӨПШІЛІККЕ ТАНЫСТЫРАДЫ. СОСЫН СӨЗ ТІЗГІНІН ХАРВИ МЫРЗАҒА ҰСЫНАДЫ). ХАРВИ КАМЕРАДА. СУРЕТТЕРДІ ІРІ ПЛАНМЕН КӨРСЕТУ. (ХАРВИ МЫРЗА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТІП, ХАРРИСБУРГ АЙМАҒЫНДА ЖУЫРДА БОЛҒАН ДҮЛЕЙ АПАТ САЛДАРЫН ТҮЗЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАР ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕЛЕЙДІ). СМИТ ПЕН ЖОНС КАМЕРАДА. (СМИТ МЫРЗА ЖОНС МЫРЗАНЫ КӨПШІЛІККЕ ТАНЫСТЫРАДЫ. ОЛАР ЖҮЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ТАЛҚЫҒА САЛАДЫ. ЖОНС СӨЗДІ АРНАЙЫ ДАЙЫНДАЛҒАН ФИЛЬМГЕ ҚАРАЙ БҰРАДЫ): «Қазір назарларыңызға былтыр Раунвуд өзені бойында Қауіпсіздік жөніндегі жазғы мектеп/ Жазғы қауіпсіздік мектебі туралы түсірілген фильмді ұсынамыз». ЖОНС КАМЕРАДА. (8:35) (ТЫНЫШТЫҚ – ЖОНС ТІКЕЛЕЙ ЭФИР. КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС). (ЖОНС ҚОЛМЕН ДЕМАЛДЫРУ ДЕМОНСТРАЦИЯСЫН КӨПШІЛІККЕ ТАНЫСТЫРАДЫ). ЕКІ БАЛА КАМЕРАДА. СМИТ КАМЕРАДА. (ЖОНС КАМЕРА СЫРТЫНДА ТӘСІЛДЕРДІ СИПАТТАЙДЫ). (СМИТ ЖОНС ПЕН ХАРВИГЕ СТУДИЯҒА УАҚЫТ БӨЛІП КЕЛГЕНДЕРІНЕ РАҚМЕТІН АЙТЫП, БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙДЫ). (СИМВОЛДАР ГЕНЕРАТОРЫ). МУЗЫКА: ТАҚЫРЫПТЫ ҚОСУ ЖӘНЕ СТАНЦИЯНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ШЫҒАДЫ: ҮШ ШТАТҚА ОРТАҚ РЕПОРТАЖ. WEHT телестанциясының қоғамдық қызмет жайындағы Үш штатқа ортақ репортажы әр аптада, дәл осы уақытта эфирге шығады. Бүгінгі бағдарлама америкалық Қызыл Крест ұйымының Спрингфилд бөлімшесінің көмегімен әзірленді. Америкалық ұлттық Қызыл Крест ұйымының рұқсаты бойынша пайдаланылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==