Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 240 Әдіс-тәсіл Репортажды адамның жүрегін жібітетін сюжетпен аяқтау – сапалы очерк не- месе деректі фильм кілті. Егер тек фактілерді ұсынғыңыз келсе, тіпті фактілер жалған не құрғақ секілді көрінсе де драмамен көмкересіз. Фактілерде көрсетілген адамдардың сипатты белгілерін пайдаланып, оларды кейіпкер ретінде өрбіте тү- сіңіз. Фильм тақырыбы анимациясыз болса да (тышқан аулайтын жаңа қақпан, улы қалдық, қазіргі елес немесе ядролық оқтұмсық секілді), тақырыпты жанды атрибуттармен көркемдеңіз. Бәріміз танитын адамдарға қарағанда, еті тірілеу көрінетін машиналармен кездесіп жүрген жоқпыз ба? Сценарийді пьеса және жарнама мәтінін жазуға тең қолданатын негізгі қағи- даларға сәйкес тарқата отырыңыз. Аудиторияның назарын аулаңыз. Бағдарла- маның іске асқандығын талап ететін қандай мәселе немесе ситуация бар? Әсіресе деректі фильм үшін конфликтінің маңызы зор. Тақырыпқа қатысы бар адамды немесе кейіпкерлерді зерттей түсіңіз. Ақпаратты жан-жақты ашу арқылы сю- жетті дамытыңыз; деректі фильмде дағдарысты нүктесіне жеткізгенше, түрлі шиеленістер арқылы конфликт құрастырыңыз. Негізгі оқиғалар қатаң шаралар- ды құрастырғанымен, жанашырлық орнату және аудиторияның көңілін ұстап тұруда білінер-білінбес бөліктер мен адами элементтердің алар маңызы ерекше. Әңгімелеуші мұны үнемі қолданады. Дегенмен шектен тыс баяндай беру жа- ңылдырады. Бағдарламаны ағартушылық сұхбат немесе дәріс топтамасы секілді, тек көрілетін не естілетін күйге жеткізбеңіз. Әңгімелеуші көп ретте кинолентасы жоқ ақпаратты түйіндеуі мүмкін. Ой-пікіріңізді анық және қысқа түрде баян- даңыз, тіпті көрермен талқысына бір ғана көзқарасты ұсынып тұрсаңыз да, бұл мәселенің төрт құбыласын тегіс енгізіңіз, себебі өзіңіз тапқан дәлелдер ұстанған позицияңызды көрсетері анық. Очерк: қолдану Очерк – көп ретте ақпараттық-ағартушылық контентті ұсынатын қоғамдық қызмет туралы презентация. Дегенмен мұның тек фактіге негізделген немесе ғылыми стильде болуы шарт емес. Алуан түрлі шоулар, драмалық формат не болмаса ойын-cауық форматының элементтері очеркті аудиторияға әлдеқайда қызықты сипатта ұсынуы мүмкін. Очерк адам, зат, ситуация, мәселе, идея немесе ұйым төңірегінде бағдарланса керек. Егер очерк тарихи немесе соңғы жайттарға қатысы болса, сонымен қатар мұнда концепциялар зерттелетінін немесе бірдеңе- ні қалай істеуге болатынын қамтуы мүмкін. Төменде ұйымға (Қызыл Крест) қа- тысты мысал берілген және бұл мысалда мәселе (апат мәселесі), ситуация (өмір сүру үшін маңызды) және практикалық нұсқаулықтар (қолдан дем алдыру) си- патталған. Жергілікті коммерциялық станция әзірлеген бұл очерк, бастапқыда қоғамдық қызметтер топтамаларының бір бөлігі ретінде, тікелей эфирден ұсы- нылған болатын. ҚЫЗЫЛ КРЕСТ МҰНЫ ҚАЛАЙ ІСТЕЙДІ? ВИДЕО АУДИО СИМВОЛДАР ГЕНЕРАТОРЫ. МУЗЫКА: «ҚЫЗЫЛ КРЕСТ ӘНІН» ҚОСУ. СТАНЦИЯ ДИКТОРЫ: Қоғамдық қызмет туралы ақпарат

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==