Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
239 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Процесс Ең әуелі, тақырып пен көзқарасты анықтап алыңыз. Бұл объективті очерк бола ма, әлде бұдан субъективті деректі фильм шыға ма? Екіншіден, жобамен нобайды әзірлеңіз, картасын ғана емес жалпы бағытты ай- қындап алыңыз. Үшіншіден, мұқият зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз, атап айтсақ, кітапханада және интернеттен табылған дереккөздерді талдап, қатысы бар адамдармен кез- десіп, локацияны көзбен көріп, визуалды және дыбыстық материалдардың қай- сысы қолжетімді екендігін анықтаңыз, сол материалдың бәрін елеп-екшеңіз. Төртіншіден, нақты нобай мен нақтыланған қысқаша баяндау парағын дайын- даңыз. Бесіншіден, нобайды нақтылау және толық сценарий әзірлеу үшін продюсер және режиссермен қоян-қолтық жұмыс істеңіз (көп жағдайда сценаристің өзі продюсер, ал кейде режиссер қызметін атқарады). Бұл кезеңде сценарист алу- ға қажетті арнайы материалдары қамдап, материалдарды қайдан алу керектігін болжап және тіпті оларды алуға көмектесуі мүмкін. Алтыншыдан, өзекті саналатын материалдар жиналған бойда беташар сөз, түйін сөз және сұхбат түріндегі қосымша анықтамалық материал мен нобайға қажетті сұрақ-жауаптарды, сондай-ақ сценарий құрастырыла бастаған уақытта өзара байланыстыратын материалды әзірлеп алыңыз. Материал келіп түскен са- йын сценарист нобайға жаңа, күтпеген материалды қосу және қолда бар құнды материалды алып тастап, үнемі түзетулер енгізіп отырады. Жетіншіден, еншіңізде материалдың басым бөлігі болған кезде, толық сцена- рийді әзірлеуге көшіңіз. Продюсер және режиссермен өтетін жиында сценарий- ді қайта қарап шығыңыз. Сегізіншіден, барлық материал жинақталып, өзіңіз бен продакшн команда мұны сан мәрте көріп, сан мәрте естіген соң, ақырғы сценарий кейде жұмыс сцена - рийі делінетін жазбаны жазуды бастаңыз. Сценарийдің бұл соңғы нұсқасы бағдар- ламаның соңғы өңдеуі мен хронометражында қолданылатын материалды таңдап және рет-ретімен орналастыру үшін қажет. Ақырғы сценарий мен транскрипт / стенограмма алдын ала сөзбе-сөз жазылуы мүмкін емес өзекті деректер, сұхбат- тар және өзге де материалдарды қамтыған транскрипт/стенограммамен дәлме- дәл сәйкес келуі керек. Кейбір продюсерлер өздерінің жұмыс сценарийлерін егжей-тегжейлі қысқа не толық формада еш өзекті материалдарсыз әзірлегенді жөн көреді. Ал кейбіреулері толық синхронды, видео және аудио материалдар- дың қағаз бетіне түсірілген үлгісін енгізеді. Әдетте күткеннен де қомақты көлем- де материал жинақталады. Кей жағдайда бір станция немесе продюсерге қолда бар материалдың тек бір- неше минутынан тұтастай бір бағдарлама шығаруға болады. Мұндайда сцена- рист бағдарламаның басы не соңы болатындығын өзі шешіп, сонымен қатар мұ- ның төңірегінде бағдарламаның қалған бөліктерін құрастыруы мүмкін. Мәселен, желінің еншісінде екі әлем держава басшылары арасында өткен құпия жиынның бір минуттық эксклюзивті жазбасы болды делік. Осы жазбадан, сонымен қатар киноленталар, сұхбаттар, комментарийдің және тіпті оқиғаға тікелей қатысы болуға міндетті емес әрі қарайғы түсірілімдердің көмегімен толық бағдарлама жасап шығаруға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==