Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 238 көзқарастары мен эмоцияларын зерттейді. Белгілі бір тақырыптың бүкіл қо- ғамға тигізер салдары мен маңызын бағалау үшін, сарапшы мамандардың ком- ментарийлері мен сөз етілуі мүмкін адамдардың реакциялары қолданылады. Очерк көп ретте объективтілікке бағдарланса, деректі фильм интерпрета- цияға және пайымды көзқарас ұсынуға бағытталады. Бір топ жастың Нью-Йорк саябағында кісі өлтіруі туралы очерк фактіге негізделген материалдың бүге-ші- гесін толық ұсынар. Ал дәл осы тақырыпты қозғайтын деректі фильмде қосым- ша анықтама ақпарат пен кейіпкерлер кеңінен зерттелген күйде беріліп, басқа фильмдерде көзден таса қалатын түсінік пен ықпал баяндалады. Кейбір очерк пен деректі фильмдер студияда әзірленіп, сондай-ақ студияда алынатын сұхбаттар мен таспа қорындағы бар материалға тәуелді болғанымен, көбісі сыртта түсіріледі. Өзектілік (тікелей эфирге қатыстырылған адамдар мен оқиғалар) көңілге қонымды бағдарлама жасап шығаруда үлкен маңызға ие. Тәсіл Очерк, әсіресе деректі фильм нақты адамның шынайы сөздерін (немесе олар- дың жарияланған-жарияланбаған шынайы жазбаларын, соның ішінде хаттарын, егер олар тірі болмаса немесе оларды таба алмаса немесе олардың дауыстары жазып алынған жазба қолжетімді болмаса), олар түскен кадрларды (фотосурет немесе қолмен салынған суреттер, егер фильм, видеосы жоқ болса немесе мар- құм фильм шыққанға дейін ғана өмір сүрсе), сонымен қатар оқиғаға қатысты қолда бар дыбыстар мен визуалды материалдарды қамтиды. Кей тұстары бір-бі- рімен байланысы жоқ секілді көрінетін бұл материалдар нобай және сценарийге сәйкес мағыналы, біртұтас және өңделген қалыпта тұтасуы қажет. Неден бастайсыз? Ең әуелі, авторда идея болу қажет. Әдетте бағдарлама идея- сы сценариске қарағанда, продюсерден туындайды. Қоғамның қызығушылығын тудыртатын қандай тақырыптар қарастыруға тұрарлық? Израиль және Палести- на тұрғындарының тас-талқанын шығарған шайқасқа қатысты көзқарастар ма? Балалардың, колледж студенттерінің, кедей-кепшіктің және кәрілердің ғұмы- ры мен болашағына балта шабатын заң жобасына олар қалай қарайды? ЖИТС (AIDS) дертінің кеңінен таралуы ма? Қаранәсілге қарсы бағытталған саяси және экономикалық дискриминация ма? Үкіметтегі жемқорлық па? Америка үкіме- тінің Гуантанамо және басқа абақтыдағыларды азаптауын жасыруы ма? Бір жы- нысты неке туралы штат заңы ма? Кәсіби футболдағы бас сүйек-ми зақымдары ма? Бұлардың барлығы очерк дайындауға жарайды. Әрмен қарай әр тақырып- ты аша түсіп, мынадай сұрақтарды негізге алуға болады: Батыс пен Таяу Шығыс елдерінің державалары Таяу Шығыс территориясында бейбітшіліктің іргетасын қалау үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасады ма? Үміткерлерге, ең алды- мен, ірі кампания қорына таласпай, тек өкілеттік үшін жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндей сайлауға қатысты заңдарды қалай өзгертуге болады? Көптеген елдегі құлдықты және әйелдерді күң етуді қалай тоқтатуға болады? Өзіңіз оқитын білім ошағының әкімшілігі оқытушылар және қызметкерлер кәсіподақтарымен қан- дай қарым-қатынаста?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==