Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

237 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама «ізі әлі суи қоймаған жайттардың» жедел түрде таралуына және осы сипаттағы деректі фильмдердің пайда болуына жетелейді. Кәсіби сценарист барлық ма- ңызды ақпарат материалын зерттеп-зерделеп, сондай-ақ сапалы және мағыналы деректі фильмді дүниеге әкелетін аспектілерді тереңнен қаузайды. ЖАЗУ ТЕХНИКАСЫ Очерк пен деректі фильм екеуі де мұқият зерттеуді, талдау/анализдеу және материалдарды бағалауды талап етеді. Екеуі де алуан түрлі формалардан: жаңа- лық, сұхбат, панельдік дискуссия, сахналау/драматизация, мәлімдемелер және музыкадан құралуы мүмкін. Екеуі де нобайдан бастап толық сценарийге дейінгі дайындау тәсілін ұстанады. Сценарист тақырып және тәсіл туралы шешім қа- былдаған соң, толық баяндау парағы немесе қысқаша баяндау парағын толықты- рып, мүмкіндігінше, нобайды әзірлейді . Зерттеп-зерделенген материалдардың (тікелей эфирдегі сұхбаттар, таспа қорындағы түсірілімдер, ескі жазбалар, от- басылық суреттер және күнделіктер және тағы басқа материалдар) қайсысы қол- жетімді екендігін анықтап алған соң, алдын ала жазылатын сценарийді әзірлей беруге болады. Зерттеу жұмысы аяқталып, фильмге қажетті барлық материал жинастырылғаннан кейін, ақырғы сценарий дайын болады. Форма Очерк болсын не деректі фильм болсын, драмалық сипатта жазылады. Бірақ көркемпьесамен салыстырғанда, мұнда соншалықтыдраматизмгежол берілмей- ді. Бұлардың қай-қайсысы да шынайы ситуацияны қаз қалпында ұсынатын ре- презентация болуы керек. Дей тұрғанмен, мұндай типтегі бағдарламаның бәрі дұрыс шығатындығын білдірмейді. Фильмдер фактіге негізделген ақпараттық және ағартушылық мазмұнды қамтығанымен, өңдеу мен баяндау процестерінде- гі маңызды эпизодтардың кез келген серияларын шынайы кейіптен алыстатып, тонын теріс айналдырып жіберуі мүмкін. Мәселен, «Докудрама» ( Docudrama ) деп аталып жүрген көркем деректі фильм немесе ойдан құрастырылған деректі фильм бүгінде әжептәуір танымалдыққа қол жеткізді. Мұнда шынайы кейіпкерлер қатысқанымен, олардың өміріндегі оқиғалар легіне көркем шындық араласады. Мұндағы оқиғалар легі дәлме-дәл ұсынылғанымен, кейіпкерлер ойдан құрастырыла береді. Мұнда толық ақпа- рат ұсынудағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында туындайтын сұрақ- ты жабу үшін, шынайы адамдар мен шынайы оқиғаларды мейлінше шынайы қалыпта көрінетіндей етіп пайдалануға ерік береді. Олар өмірден алынған си- туациялар мен шынайы кейіпкерлерден жартылай сенімді бейне құрастыруы мүмкін. Очерк пен деректі фильмнің мәселелер, адамдар және қазіргі, жуырдағы не- месе өткен уақытта орын алған оқиғаларға қатысы бар болғанымен, ешқайсысы бәз біреу ойлағандай ақпарат материалы санатына жатпайды. Екеуі де су бетіне қалқып шыққан шынайы деректің асты-үстін тексереді. Иландыруды көздейтін деректі фильм очеркке қарағанда тереңірек «бойлайды». Очерк, ең алдымен, аудиторияны ақпаратпен хабардар етуі керек, ал деректі фильм бәрінен бұрын аудиторияны ойлануға әрі сезінуге итермелеуі қажет. Деректі фильм мүмкінді- гінше, оқиғаның орын алу себептерін, сондай-ақ оқиғаға қатысы бар адамдардың

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==