Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 236 нен биік тұратын іс, ол – зерттеу жүргізу. Іс-шараларды баяндайтын журналис- терден стандартты кіріспе, түйін сөз және өткелді материалдарды әзірлеу қажет етіп қана қоймай, сонымен қатар оқиға реттілігін немесе жоспарланған күн тәр- тібін анық тізіп шығу талап етіледі. Сценарий авторы жазған, продюсер мен ре- жиссер өңдеген материал тек оқиға үшін ғана емес, сонымен қатар аудиторияға оқиғаның жай-жапсары мен тарихын ұсынатын, аудиторияны алдын ала дайын- дайтын комментарий үшін де, мүмкіндігінше, едәуір терең сипатта болуы керек. Деректі фильмдер қазіргі кезде қоғамдық радиодан болмаса, кәдімгі радиода сирек беріледі. Толықметражды телевизиялық деректі фильмдерді жасау құны қымбат тұратындықтан, әрі бәсекелі рейтингтерге ілесе алмайтындықтан, бұл фильмдер қысқа форматта, кейде шағын деректі фильм деп аталатын қалыпта телевизия аудиториясына қолайлы етіп жасалынған. 60 Minutes 12-ден 15 ми- нутқа дейінгі хронометражды шағын очерктер мен шағын деректі бағдарламаларды дәріптеуде жолы болды және CBS арнасының 48 Hours, Dateline NBC және ABC арнасының 20/20 секілді шағын очерктер мен шағын деректі фильмдерді қамтыған бағдарламалардың ашылуына түрткі болды. Бұл бағдарламалар арнайы аудито- рияға арналған интеллектуалды контенттің пайдакүнемдік/жанжалды райын байқататын көптеген сегменттері белгілі бір мәселені «қытықтау», бассыздық, алаяқтық және жеке адамдар төңірегінде айналып жүретін оқиғаларға баса мән берді. Поптың пірі Майкл Жексон дүние салғаннан кейін жарыса шыққан очерк- тер мен деректі фильмдердің шексіз сериялары тоқтаусыз жарияланғаны есіңіз- де шығар. Кейбіреуі оның музыка әлеміне қосқан үлесін қайта қарап шықса, бас- қа біреулері оның жеке өміріне қатысты деректерді қолданып және марқұмның қатысы бар жанжалдарды зерттеді. Дәстүрлі ақпараттық және ағартушылық форматтағы очерктер мен деректі фильмдер (видео мен фильм екеуі де) A&E, Discovery және History Channel секілді маманданған кабельдік арналарда да көптеп көрсетіле бастады. Бұл фильмдерді көрсетеудегі коммерциялық уақыт ұзақтығы – көп ретте толық жарты сағат не- месе бір сағаттан аз. Кей кездері елең еткізер елеулі оқиға негізгі желілер мен кабельдік арна- лардың прайм-тайм уақытында бірінің артынан бірі шығатын бірнеше деректі фильмдерді ұсынуға әкеп тіреуі мүмкін. Мысалы, 2012 және 2013 жылдары Аме- рика Құрама Штаттарында орын алған атыс-шабыстар сериясы, соның ішінде Колорадода Бэтмен туралы «Қара рыцарь. Аңыздың жандануы» (The Dark Knight Rises) атты фильмнің тұсаукесері кезіндегі атыс салдарынан 12 адамның қаза тауып, 50 адамның жаралануы, Висконсиндегі храмда сикхи ұлтының алты өкілі- нің өлтірілуі, Коннектикуттағы бастауыш сыныпта оқыған 20 оқушы мен 6 мұға- лімнің қаза табуы секілді оқиғалар легі қару қолданылған өзге трагедиялардың арасында үздіксіз таратылған деректі фильмдердің шығуына алып келді. Бұл фильмдер оқиғаларға қатысы бар адамдарды ғана көрсетіп қоймай, сонымен қа- тар хейтерлер тобының қылмыскерлерге қатысты көзқарасы, қарудың рөлі және қаруды ұстаудағы бақылаудың болмауы (мұның нәтижесінде қару қолдану арқы- лы қылмыс жасауда Америка Құрама Штаттары өлім-жітім көрсеткішінде әлем бойынша ең жоғары орындардың бірінде тұр), Конституциядағы «қаруды алып жүру» туралы ереженің Екінші түзетуі, қару ұстауды бақылауға қатысты саяси партиялардың атқарар рөлдері (Демократиялық партия бақылау керек деп тап- са, Республикалықтар бұған қарсы болды), қару-жарақты иемденудің жеңілдігі және сатып алуға рұқсат берілетін адамдардың психикалық жай-күйі, ата-ана балалардың қару қолдануға әуестігін, бақылаудағы жауапкершілікті, мерт болу- ға қатысты көптеген өзге тақырыптарды да қамтыды. Арнайы оқиғалар әдетте

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==