Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
235 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама лесінің әсерінен қатерлі ісіктің туындау қаупі, әлде ғаламдық жылынудан туын- дайтын экологиялық мәселелерге назар аударатын өнім – деректі фильм қата- рына қосылады. Мәселен, Флориданың оңтүстік-батыс жағалауы елдегі ең әдемі экологиялық аймақтардың бірі саналады, әсіресе Форт-Майерстің қасында орна- ласқан Санибел және Каптива секілді тосқауыл аралдардың көз тоймас сұлулы- ғын сипаттауға сөз жетпейді. Аймақтардағы жағажайлар мен өсімдіктерді және жануарлар әлеміне толы табиғи қорықтарды көрсететін бағдарлама – очерк деп аталады. Алайда көршілес жатқан Окичоби көлінен шығып жатқан артық су- дың миллиондаған галлондары (сұйықтық өлшемі) тосқауылдағы аралдардың сағаларын лайлап, қоректік заттардың жабайы табиғат пен балықтарды улап, өсімдіктер әлемін құртып және жағажайларға зиянын тигізіп жатқандығын көр- сететін бағдарламаны деректі фильм деп есептейміз. Очерк те, деректі фильм де жоғары деңгейлі көркем сипатта түсірілуі мүмкін, дегенмен екеуінің мазмұнда- рындағы мақсат екі түрлі. Арнайы репортажды кейде очеркпен шатастырып жатады. Очерк жоспарлан- ған, сценарийі жазылған өнім саналса (әсіресе арнаға немесе радиоға әзірленгені), арнайы оқиға негізінде түсірілген репортаж өмір ағынының бір бөлігі, көп ретте медиапродюсерден гөрі, басқа дереккөз иесімен жоспарланған шынайы оқиға. Арнайы репортаж очерк пен деректі фильмге қарағанда, тікелей жаңалықтарға бір табан жақын. Сонымен қатар деректі фильм күн ілгері жоспарланатын бол- са, кей тұста арнайы репортажды әзірлеуде күтпеген оқиға орын алып жатады. Арнайы репортаж – мемлекет басшысының белгілі бір қалаға жасаған сапа- ры, қала әкімшілігінің алдында тойланып жатқан мерекелік іс-шара, жаңа тұр- ғын үй кешені іргетасының қалану рәсімі, бір немесе бірнеше жұлдыздың қаты- суымен жаңа фильмнің жергілікті аймақта өткізілген тұсаукесері, ауруханадағы жаңа корпустың ашылу рәсімі немесе тіпті жаңа сауда орталығының ашылуы жайында болуы мүмкін. Өз кезегінде очерк – СПИД дертіне шалдыққандарды қолдау ұйымы секілді қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің тобы, жергілік- ті өрт сөндіру басқармасының немесе мектеп кеңесінің қызметі не болмаса өрт сөндірушілердің және мектеп кеңестерінің ұлттық ассоциациясы, алапат дауыл- дарға қарсы тұратын, қолайсыз күн райына төтеп бере алатын баспана немесе тауықтарды өсіруден бастап мемлекеттік шенеуніктердің сайлауға түсуіне дейін кез келген тақырып бойынша сахна сыртындағы оқиғаларды қамтуы мүмкін. Ал деректі фильм болса, бұдан бір қадам ілгері жүріп, көтерілген тақырып бойын- ша көзқарас қалыптастырады. 60 Minutes бағдарламасының бұрынғы продюсері марқұм Дон Хьюитт: « 60 Minutes -тің жетістікке жету кілті – ескі сарындағы сапалы репортаж бен оқиғаны жай баяндай салмай, оларды әңгімелей білуге икемі бар адамдарды тани алуды үйлестіре білуінде», – деген еді. Сюжетті сөз ету жаңалық репортажының алдын- да жүреді. Сапалы оқиға немесе деректі фильм арнайы репортажда жоқ дүниеге иелік етеді. Драматургия, тереңдік, сонымен қатар аудитория мен тақырып ара- сындағы жанашырлықты атап айтсақ жарар. Арнайы репортаждағыдай уақытқа шектеу жоқ. Дегенмен желілер мен стан- циялар нақты уақыты жоқ таратылымнан қашады, бағдарлама уақытын сатуды күнілгері жоспарлап қоя алады. Очерктің ұзақтығы 30 секундтан бастап 30 ми- нутқа дейін немесе тіпті бір сағатқа жалғасуы мүмкін. Ризашылық күніндегі шеру, Тәуелсіздік күніне концерттер және Еңбек кү- ніндегі кәсіподақ митингілері секілді арнайы шаралардың басым бөлігі жыл- дан-жылға бір схемамен өтуі мүмкін, сонымен қатар бұл іс-шаралар тура очерк секілді алдын ала жоспарланып, әрі сценарийлері әзірленуі мүмкін. Мұнда бәрі-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==