Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
О черк пен деректі фильмдер әдетте станциядағы, арнадағы жаңалық бөлі- мінің еншісінде болады. Очерк, деректі фильмдер ақпараттан, көп тұста ой-пікірден туады. Соңғы және тарихи оқиғалар, идеялар негіз болуы мүмкін. Олар ғылыми, мәдени немесе тіпті абстрактілі болуы мүмкін. Сонымен қатар қандай да бір өзекті немесе өткір мәселеге, не дабыл қағатын дүниеге үш қайнаса сорпасы қосылмауы да ықтимал. Кейбір практик мамандар мен сыншылар деректі фильмді ақпарат өнерінің ең биігінде тұрған құралға теңейді. Деректі фильм ақпаратқа және қазіргі оқиға- ларға көзқарас (point of view – POV) ұсынады. Сапалы деректі фильм әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуға терең ықпалын тигізе алады және тіпті қала, аймақ немесе мемлекеттің заңнамасына да әсер ете алады. Тікелей жаңалық, сұхбат немесе пікірталас форматына жатпайтын тақырып- тағы деректі материал өңдеуіне қатысы бар кез келген дүние – очерк немесе де- ректі фильм деп айтылады. Осы кітапта «очерктің» даулы мәселеге қатысы жоқ немесе тақырыпқа көзқарасын білдірмейтін продакшн ретінде қаралды. Ал мұ- ның тегіс қамтылатын продакшн түрі: бұл кітапта «деректі фильм» деп аталады. Мазмұнды және мағыналы деректі фильм жасағысы келетін автор мен продю- сердің көзінде от, сөзінде жалын болуы керек. Сонымен қатар оның көрермен немесе тыңдарманды белгілі бір мәселеге қатысты шаралар қабылдауды ынта- ландыруға тырысатын, өз ісіне әбден берілген адам болса игі. Очерк мұнда – оқиға, ситуация, адам, идея немесе қоғамдағы баз біреудің өмі- рі секілді бірсыдырғы репортаж іспетті. Егер тақырыпқа арқау болған адам үй- күйсіз болып шықса және продакшн тобы қоғамның мұндай адамдарға көптеп көмектесуге міндетті екендігі туралы салмақты пікір қалыптастырса, туындының очерктен деректі фильм сипатына көшкендігін білдіртеді. Жаңа жергілікті өнер- кәсіптің күнделікті қызметі жайындағы туынды – очерк санатына кіре береді, ал корпоративтік басшылардың өз компанияларының кірістерін арттырып, кейін компанияларының банкротқа ұшырауы туралы жарияламас бұрын, өздерінің акция опциондарын сатып жіберетіні жайындағы фильм – деректі фильмге жа- тады. Очерк Жаңа Англиядағы күзгі жапырақтарды, жергілікті хайуанаттар ба- ғын немесе жаңа жағажай курортын бейнелейтін саяхат туралы фильм болуы мүмкін. Қышқылды жаңбыр немесе жануарларға салғырт қарау, әлде күн сәу- Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ТАРАУ 6 234
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==