Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
233 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы ТАПСЫРМА 1. Өзіңіз күнделікті оқитын газеттің бірінші бетіндегі мақалаларды қолда- нып, 15 минуттық радио бағдарламаға арналған толық сценарий жазып шығыңыз. 2. Дәл сол материалдарды пайдаланып, жарты сағаттық телевизия бағдар- ламасының сценарийін әзірлеңіз. Мұнда өзіңіз дұрыс көретін әрі қолы- ңызда бар кез келген визуалды эффектілерді қолдансаңыз болады. 3. 1 немесе 2-жаттығудағы ақпарат материалдардың бірін афроамерикалық, латынамерикалық, азияамерикалық немесе түпкілікті/тұрғылықты аме- рикалық аудиторияға бейімдеп қайта жазып шығыңыз. 4. Жарамды сілтемелерін қойып, 1 немесе 2-жаттығудағы ақпарат материал- дарының бірін интернет аудиториясына арнап, қайта жазып шығыңыз. 5. Колледжіңізде не университетіңізде теле-радиостанция немесе сайт бар болса, белгілі бір жаңалықтар бағдарламасына ақпарат материалын әзір- леу үшін сол студияны пайдалануға рұқсат алыңыз. 6. Төмендегі фактілер төңірегінде жаңа ақпарат материалын әзірлеңіз: (a) өзіңіз оқитын колледж немесе университетті электронды байланыс құ- ралын жасап шығарудағы әлемдегі жетекші өндіруші саналатын Toysan Company of Japan компаниясы жаңа ғана сатып алды; (b) егер оқу орныңыз шағын болса, сатып алу бағасы – 100 миллион АҚШ доллары, ал егер үл- кен болса – 1 миллиард АҚШ доллары; (c) жаңа басшылықтың өкілеттігі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді; (d) оқу орныңыздың президенті «бұл ауыс-түйістің оқу бағдарламамыздың жоғары сапасына ешқандай да әсер етпейді; негізінде, мұның жаңа академиялық бағдар- ламалар мен факультетке дереу құятын қаражаты (шағын оқу орнына 20 миллион АҚШ доллары, үлкеніне 100 миллион АҚШ доллары) арқылы оқу орнының беделін күшейте түсіреді» дегенді алға тартады. Репортаж- ды айқындай түсу үшін сізге қандай қосымша ақпарат пен материал ке- рек? 7. Колледжіңізде немесе университетіңізде не болмаса өз ортаңызда жақын болашақта қандай спорттық сайыстар өткізілмек? Осы сайысқа шолу, ашылу және жабылу және өткелді режиссерлік сценарий әзірлеңіз. 8. Өзіңіз оқитын оқу орнындағы спорттық сайыстар жайында бес минуттық қысқаша шолу әзірлеңіз. Бұл шолуды колледжіңіздің немесе университе- тіңіздің радио немесе телевизия станциясында немесе жергілікті теле-ра- диостанцияда қолдануға болатындай етіп дайындаңыз. 9. 8-жаттығуды өз оқу орныңыздың сайтына орналастыру үшін қайта жазып шығыңыз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==