Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 258 Мейлі, бағдарлама қаражаты шамалы шағын продакшн компаниямен не болмаса үлкен бюджеті бар арнамен іске кіріссін, қалай болғанда да көзқарас- тың ұсынылуы маңызды. Деректі фильмді азғантай ғана қаржы және санаулы-ақ жабдық көмегімен де түсіруге болады. Ол үшін мини камера және телестанция- дағы монтаждау бөлімі болса немесе радиода қолданылатын бірнеше диктофон бар болса болғаны. Чапел-Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің радио сыныбында курстық жұмыс ретінде жасалған, ізінше қоғамдық қызмет саласы бойынша ұлттық жүлдені жеңіп алған, сондай деректі фильмдердің бірі – дерек- ті фильм түсірудің қаншалықты қарапайым әрі тура іс екендігін көрсетеді. Ең әуелі, сынып тақырып таңдау мәселесіне тоқталған: Солтүстік Каролина- ның Пьемонт аймағындағы (университет орналасқан жер) шағын ферманың мә- селесі және сол түйткілдердің саясатқа тигізер әсерін көрсеткен. Деректі фильмнің үш негізгі түрі, деректі фильмнің діттеген мақсаты – атап айтсақ, ақпаратты тікелей объективті қалыпта ұсыну, шешілуі қажет мәселені жанама түрде көрсету, бірқатар ықтимал шешімдерге жол сілтеу және күрмеуі қиын экономикалық ортада фермерді қажырлы адам ретінде көрсету үшін бі- ріктірілді. Сынып фермерлер мен университет сарапшылары бір-біріне қарама- қарсы мәнер бойынша сұхбаттасуы керек деп шешті. Келесі кезекте зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мұның нәтижесінде мәселе бо- йынша қолда бар күллі әдебиетті зерттеу, фермерлер және осы шаруамен етене таныс адамдармен алдын ала әңгімелесу нәтижесінде көптеген материал жинал- ды. Келесі қадам бойынша тақырып пен мақсат айқындалды. Деректі фильмнің болжамды нәтижелеріне сүйеніп, арнайы сұхбат берушілер де таңдалды. Пози- циясы бойынша фермерлер, локация, фермалардың астық өнімдері және ғылыми департамент пен зерттеудің арнайы саласына маманданған сарапшылар іріктелді. Жинақталған материалды мұқият өңдеу нәтижесінде фермерлер мен сарап- шыларға қойылуға тиіс қисынды және өзара байланысқан сұрақтар топтамасы пайда болды. Сұхбаттар алынып біткен соң, арасында қосылуға тиіс жазып алын- ған материалды баяндау мен сипаттауды қамтитын сценарий әзірленеді. Бұл сценарий қолда бар бүкіл материалды зерттеуден, соның ішінде кітапханалық зерттеу және жекелей сұхбаттардан іріктеліп алынады. Сценарийді анализдеу деректі фильмнің осал тұстарын анықтауға көмектеседі, кейбірі материалдың жоқтығынан, ал келесілері, керісінше, шектен тыс ақпаратты ұсынудан «құты қашып» жатады. Әрмен қарай орындар бойынша ақпарат жинақталады және материалды қосу, сонымен қатар қысқарту нәтижесінде өңдеу процесіне дайын ақырғы сценарий әзірленеді. Төменде сценарийдің құрамдас бөлігінен және бағдарламаның сөзбе-сөз транскрипт/стенограммасынан үзінділер берілген. Ақырғы сценарий бас әріп- термен көрсетілген, ал жақша ішіндегісі жазып алынған және баяндаумен бірге бағдарлама ішіне кіріктірілген материал. Жазбалар қазіргідей цифрлы дәуірде «көзден таса, көңілден ұмыт болып бара жатқан» кассетаға басып алынған. Таспа мен кадрларды кесуді көрсететін нөмірлер қолданылғандығын ескеріңіз. Мұнда редакторға оңай болу үшін әр қатысушының бірінші және соңғы сөздері де кірік- тірілген. Төменде ұсынылған сценарийде сынның астына алынатын ескертпенің бірі – мұның көптеген тақырыптардың басын бір шалуда болуы мүмкін. Тағы бір сыналар тұсы – жеткілікті деңгейде драматизммен көмкерілмеуі мүмкін. Бұл сценарийдегі материал мен жеке зерттеуіңіздің нәтижесінде қолыңыз жететін өзге материалды алыңыз да, бұл деректі фильмді нобай түрінде қайта жазып шығыңыз. Жақсарту қажет деген тұстарын өзгертіңіз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==