Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

229 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы А БЛОК (ТАҚЫРЫПТАР). TK: PTI бағдарламасына қош келдіңіздер, жігіттер мен қыздар! Бүгінгі көрсетілімнен көретіндеріңіз – Saints (New Orleans Saints) Eagles (Philadelphia Eagles) командасын жеңсе, Miami (Miami Hurricanes) мен Florida International (FIU Panthers) ойыншылары текетіреске толы ойын көрсетті. Ал Tigers (Clemson Tigers) ойыншылары ешкімге дес бермейтіндей көрінеді. TK: Saints ойыншылары Eagles командасын тізе бүктірді. TK: Бүгін New Orleans Saints командасы атағы жер жарған Philadelphia Eagles командасына қарсы ойында 8 минут және 26 секунд бойы допқа иелік етуде (ескертпе: ролик). Ойынның аяқталуына 3 секунд қалды, бұл уақыт ішінде Жон Сарней 31 ярдтық алаңда гол соғып, ойын 5/1 есебімен Saints командасының пайдасына шешілетін еді. Уилбон, сен жанкүйерлік танытатын ойыншың Донован Макнаббты табан тірескен соңғы сәтте жабырқаңқы күйде отырғанын көзің шалды ма? Жеңіске жеткен команда үздіктер қатарына жата ма? * * * ESPN келісімі бойынша пайдаланылды. Тікелей эфирдегі сайыс Газет-журнал беттеріндегі жаз мезгіліндегі аптаның жеті түнінде бейсболға, ал күз немесе қыс бойы аптаның жеті түнінде футбол, баскетбол немесе хоккей ойындарын бақылау үшін теледидардың ішіне кіріп кетуге әзір тұратын кө- рерменді бейнелеген карикатуралар ешқандай да асыра әсірелеу емес. Тікелей эфирде таралатын сайыс – спорттық бағдарламалардың ішіндегі ең тартымдысы әрі танымалысы. Дәстүр бойынша еркектер спорттық сайыс десе ішкен асын жерге қоятын ау- дитория қатарына жататын, енді колледждер мен университет қабырғаларында қыз-келіншектерге спорт түрлерінен тең мүмкіндіктер ұсынатын IX тақырып- тың ықпалы болашақтарын кәсіби спортпен байланыстырған әйелдер санының көбеюіне алып келді. Онымен қоса, медианың әйелдерден құралған командаға және жеке әйелдерге деген назары арта түсті, сәйкесінше, спорттық бағдарлама- ларды қарайтын әйелдердің қарасы көбейді. Белгілі бір шараны әзірлеуші автор, продюсер және эфирді тізгіндеуші дик- тор сол аудиторияға тартымды және түсінікті реттілік пен толықтырғыш мате- риалды әзірлеу үшін аудиторияның жалпы гендерлік демографикасын анықтап алғаны абзал. Monday Night Football – телевизиялық бағдарламалау әлеміндегі спорттың маңызын танытқан бағдарлама. Бұл – 36 жыл бойы (1969 жылы ашыл- ғанан бастап, 2006 жылы жабылғанға дейін) ерлер арасында прайм-тайм уақы- тында хабар таратқан нөмірі бірінші бағдарлама болды. Мәнерлеп сырғанау – әйелдерді қызықтырған прайм-тайм спорт болды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==