Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 228 Ол гольф тесігіне дөп кіргізе алмайды. Әлі де жайсыздықты сезінуде. Төрттік қала аймағында аптап ыстық. Ви бөди ( Wie birdie – гольфтегі соққы саны бір жұптан аз) соққысын жасады. Оның бұл соққысы мүлт кетпеді. Тіпті раунд үшін жұп болды. Тым жақсы ойнап жатқан еді, алайда көріп тұрғаныңыздай, оның халі мүшкілдеу. Сырқаттанып қалған секілді көрінеді. Ойынды тоқтатуға кеңес берді. Ол ойынды жалғастырғысы келетінін білдірді. [Визуалды материалдармен сүйемелдеген комментарий Ви бөди туралы репортажды жалғастырды]. * * * Америка Құрама Штаттарының футбол командасын сегіз жыл бойы баптаған бапкер Брюс Арена қызметінен босатылмақ. Томми Смит әрі қарай не болмақ? Оның орнын кіммен алмастырады? Көпшілік бұл қызметке Клинсманнды лайық деп таниды. Неге болмасқа? Командаға басшылық ететін келесі бапкер – өзінің торын өте кең кеңістікке лақтыруы керек. Жас ойыншыларды табу қажет. [Материал қазіргі команданың әлеуетін және команданы жақсарту үшін керек дүниелерді талдаумен жалғасты]. ESPN -нің келісімі бойынша пайдаланылды. ESPN арнасының «Кедергі келтіргенімді айыпқа бұйырмаңыз» ( Pardon the Interruption ) атты бағдардамасы – жаңалықтарға талдау жасап, комментарий ұсы- натын хабар. Төменде сол бағдарлама шығарылымдарының бірінен үзінді келті- рілген. «КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІМДІ АЙЫПҚА БҰЙЫРМАҢЫЗ» ( Pardon the Interruption, PTI) БАПТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ МУ: PTI, Сіздермен бірге Аризонадан хабар таратып тұрған – Майк Уилбон. Үш сағаттан кейін жауырыны жерге тиіп көрмеген менің Chicago Bears командам дәл осы жерде болады. TK: Сіздермен студияда мен – Тони Корнхаузер. Кеше мен команда мүшелерінің көбімен сөйлестім, Майк. Олар сені жек көреді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==