Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
227 Жаңалықтар мен спорт бағдарламасы Бұл бір сағат бұрын болған оқиға. Аптап ыстыққа төзе алмаудың кесірінен әлсіреу. 16 жастағы ойыншы күні бойы жоғары температурамен «алысып» бітті. Ойынның жартысын жіберіп алатын еді. Америкалықтар әлем чемпионатында жеңіліс тапқаннан кейін араға үш апта салып Брюс Аренаны бапкер қызметінен босатты. Аренаның келісімшарты жаңартылмайтын болды және оның орнын алмастыратын басқа бапкерді шұғыл түрде іздеу жұмысы басталмақ. Осы жаңалықтар жайында толық хабар тарататын Sports center -ге қош келдіңіздер демекпіз. Дэйв Рэйзин сіздермен бірге. Студияда – Мишель Боннер. * * * ESPN арнасының заңгер-аналитигі Рожер Казак біздің студияға дәл қазір қосылды. Бондсқа қызмет ететін заңгерлер тобы, оған келесі аптаның ішінде айып тағылуы мүмкін екендігін айтады. Олар тағылған айыптан жалтарып, құтылып кету мүмкін еместігін қайдан білді? Олар соңғы үш ай бойы Америка Құрама Штаттарының қорғаушылар кеңсесімен байланыста болды. Сонымен қатар істің соңы осыған апаратынын білді және оны қамауға алу туралы емес, ісін сотқа беруге қатысты келісім әзірлеп жүрген болатын. Мінеки, қорғаушылар прокурорларға не істемейді. Олар мұның арты осылай аяқталатынын білді, олардың ойынша, ең дұрысы – бұл мәселені шешу. Айыптау қорытындысын алу үшін шек қоятын қандай нәрсе керек? Әлдебіреуді айыптауға қажетті дәлелдің деңгейі қандай? Өте төмен. Үлкен қазылар алқасының білгісі келгені – Барри Бондстың ешқандай күмәнсіз кінәлі я кінәсіздігінде емес. Мұны сұрау – алқабилердің шаруасы: «Олар қылмыс болды ма және Барри Бондсты сол қылмысты жасаған адам деп тануға жеткілікті негіз бар ма?» – деп сұрайды. [Сұхбат сот процесінің егжей-тегжейін ашу үшін жалғасын тапты]. * * * Гольф туралы жаңалықтарға кезек берсек. Пәрменді/Қарымды төрттік қала (Quad cities – Айова және Иллинойс штаттарының бес қаласынан құралған аймақ), Жон Дирдің классикалық үлгісінде екінші күні өнер көрсетуде. Екінші күні Мишель Видің айы оңынан тумады. Плюс жеті. Үш жұп, жетінші. Әлдебір жайсыздықты сезіп, ішін ұстайды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==