Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
5-ТАРАУ 226 АЙМАҚТЫҚ КЛУБ. Оның алғашқы тоғыз мүмкіндігінде тигізген үш боггиі (богги – гольф соққысы) қоржынындағы 32 ұпайға қарамастан, қарсыласын басып озуға кедергісін келтірді. ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС ДЫБЫС. Міне, Эмстің 18-тесікке тигізген 18 футтық соққысы. ДЕРБИ: Бүгін бәйгенің жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық. Шашасына шаң жұқтырмаған, соңғы үштік тәждің жеңімпазы, сәйгүлік Страйд Кентуккидегі Raceway фермасында 22 жасында көз жұмды. Дербиде жеңіске жету үшін сәйгүлік Страйдтың Fast Legs командасын аздаған есеп айырмасымен ұтқаны естеріңізде бар шығар? ДИКТОР: КАДРДАН ТЫС. Сағат 11:00-де спорт әлеміндегі соңғы жаңалықтармен қайта оралатын боламыз. Комментарий мен жаңалықтар Кейбір спорттық бағдарламалар негізгі ақпаратты тарату шегінен шығып, бағдарлама мазмұнын анализ және комментариймен көркемдейді. Бұл әдіс тө- менде ұсынылған ESPN арнасы Sportscenter бағдарламасының үзінділерінде баян- далады. «Қысқа баяндаудан» бастап егжей-тегжейлі ақпарат ұсынуға көшу арқы- лы автор ықшамдау, адуынды, шапшаң түрде өзгеріп отыратын материалға мән бергендігін ескеріңіз. Төмендегі ұсынылған үзінділер тек үш спорт түріне қатысты, дегенмен бұл бағдарлама спорттың барлық түрінен хабар таратады, әсіресе қазір бейсбол ойы- нының маусымы жүріп жатқандықтан, аталмыш спорт түріне баса назар ауда- рады. Sports center -дегі соңғы жаңалықтар Барри Бондстың қорғаушылары оған салық төлеуден жалтару және өтірік мәлімет беруге қатысты тағылған айып бойынша істі қарастыруға дайындалуда. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Бондсқа қызмет ететін заңгерлер тобы оны қорғаудың тәсілдерін ойластыруды бастап кетті және оның қорғаушылары айыптау қорытындысы келесі аптада шығуы мүмкін екендігін айтады. Гольф алаңынан қомақты жаңалықтар. Мишель Ви артқа шегінуге мәжбүр.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==